Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / ӘМСҚ Алматы дәрігерлеріне үстемеақы төлеуге 18,3 м...

ӘМСҚ Алматы дәрігерлеріне үстемеақы төлеуге 18,3 млрд теңге бөлді

Медицина 11.08.2021, 11:28 1,572
ӘМСҚ Алматы дәрігерлеріне үстемеақы төлеуге 18,3 млрд теңге бөлді
Сурет: Iz.ru

Бұл мәліметтерді қаланың Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директоры Тілеухан Әбілдаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында айтты.


Тілеухан Әбілдаев қазақстандықтардың сақтандыру мәртебесіне қарамастан, коронавирустық инфекция мен пневмонияға қарсы медициналық көмекті тегін алатынын еске салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ол елде медициналық сақтандыру жүйесін енгізу пандемия кезеңіне сәйкес келгенін, сондықтан барлық медициналық көмек, оның ішінде коронавирустың таралуын болдырмау қызметтерін сақтандыру мәртебесіне қарамастан, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі есебінен жүргізілгенін еске салды.



«Пандемия басталғалы бері 2020 жылдың наурызынан бастап медициналық сақтандыру қоры коронавирус пен пневмониямен күресу шаралары үшін ақы төлеуді, оның ішінде медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеуді қарастырды. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы қаласында эпидемияға қарсы шараларға қатысқан 42 559 дәрігер 18,3 млрд теңге көлемінде үстемақы алды», - деді Тілеухан Әбілдаев.



 Жалпы сомадан бірінші жартыжылдықта төленгені:


- 1-ші тәуекел тобы - 12,6 млрд теңге (20 069 адам);


- 2-ші тәуекел тобы - 4,1 млрд теңге (12 480 адам);


- 3-ші тәуекел тобы - 1,6 млрд теңге (10 010 адам).


 Барлығы 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыда коронавирустық инфекциямен ауыратын пациенттерді емдеуге медициналық қызмет көрсетуге 15,8 млрд теңге төленді, ал ПТР-тесттерден 2,5 млрд теңгеге 313 мыңнан астам азамат өтті.


 Үйдегі мобильді топтар мен ауруханалардың қызметтері COVID-19 жұқтырғандарға және COVID-19 күдігі бар науқастарға көрсетіледі. Биыл мобильді топтар шамамен 119 мың шақыртуларға қызмет көрсетті, 681,6 млн төленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрігер #үстемақы #ОСМС #ковид
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика