AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / AMANAT партиясының әйелдер қанаты конституциялық ө...

AMANAT партиясының әйелдер қанаты конституциялық өзгерістерді қолдады

Билік 25.02.2026, 14:55 160 Сұлу
AMANAT партиясының әйелдер қанаты конституциялық өзгерістерді қолдады
AMANAT партиясы

Алматыда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы өкілдерінің AMANAT партиясы қалалық филиалы әйелдер қанатының белсенділерімен кездесуі өтті. Диалогқа Алматы қаласы мәслихатының депутаттары да қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара барысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері, сондай-ақ қазақстандық қоғамның дамуындағы әйелдердің рөлі мен қатысуы мәселелері қарастырылды. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нурия Ниязова ашық қоғамдық талқылаудың маңызы мен жаңа Негізгі заңның мәніне ерекше назар аударды.

– 1995 жылғы Конституция маңызды рөл атқарып, тәуелсіздіктің негізін қалады. Алайда бүгінгі күні қоғам ірі өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатыр – геосаяси жағдай өзгеруде, ал технологиялық прогресс өмірдің барлық саласына белсенді түрде еніп келеді. Сондықтан жаңа Конституция – бұл елдің одан әрі дамуының логикасын қайта қарау болып табылады, – деді депутат.

Сенатордың айтуынша, жаңа жағдайлар мемлекеттік және қоғамдық жүйелердің қазіргі заманғы сын-қатерлерге бейімделу тәсілдерін қайта қарауды талап етеді.

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Алтынай Көбеева жаңа Негізгі заң жобасын әзірлеп, оны Мемлекет басшысына ресми түрде ұсынған Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның ауқымды жұмыс атқарғанын атап өтті.

Көпдеңгейлі пікірталастар мен жан-жақты құқықтық талдау нәтижесінде толықтырылған құжат ел дамуының жаңа институционалдық негізін айқындайтын стратегиялық жобаға айналды.

– Жаңа заң жобасын қолдап, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысу қажет деп санаймын, – деді Алтынай Көбеева.

Кездесу қатысушылары жобадағы әйелдер мен отбасының рөліне, олардың қоғамдық және саяси өмірге, бизнеске және өзге де салаларға қатысуына қатысты өзгерістерді қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы республикалық референдумды қолдайтындарын білдіріп, маңызды мемлекеттік бастамаларды талқылауға әйелдердің кеңінен қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Еске салайық, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдум 15 наурызға жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Amanat #«AMANAT» партиясы #Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Томирис Нұржан ITF Juniors турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 19:45

ШҚО-да үздік жас жол инспекторлары анықталды

Бүгін 19:41

Мағжан Жұмабаевқа арналған Солтүстік Қазақстан және Омбы облыстары студент жастарының халықаралық слеті өтті

Бүгін 19:28

Алматы инклюзивті орта құруға бет бұрды

Бүгін 18:30

Қалаға тарту болған вальс: түлектер Алмалы ауданын 90 жылдығымен құттықтады

Бүгін 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);