Республика күні қарсаңында өткен ғылыми-практикалық конференцияда Алуа Ибраева сөз сөйлеп, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның тарихи маңызына тоқталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Декларацияда құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттары, билікті бөлу ұстанымы, адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, сондай-ақ халықтың мемлекеттік биліктің бастауы ретіндегі мәртебесі бекітілді.
«Декларацияда кейіннен еліміздің заңнамалық жүйесінің қалыптасуына негіз болған аса маңызды идеялар көрініс тапты», - деп атап өтті Алуа Ибраева.
Оның сөзінше, Республика күні - тек ұлттық мереке емес, сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның құқықтық негізін қалаған тарихи оқиғаларды еске алып, олардың мемлекеттің дамуы үшін маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін күн.