AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алтынкөлде ер адамға көмектеспек болған құтқарушы...

Алтынкөлде ер адамға көмектеспек болған құтқарушы қаза тапты

Оқиға 11.03.2026, 15:43 206
Алтынкөлде ер адамға көмектеспек болған құтқарушы қаза тапты
instagram.com/112jetisu

Жетісу облысында ТЖД қызметкері құтқару операциясы кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Жетісу облысы ТЖД мәліметінше, 7 наурызда Алтынкөл көлінде мұз жарылған. Бөлінген мұздың үстінде балықшы қалып қойып, көлдің ортасына қарай ағып кеткен. Оқиға орнына құтқарушылар барды.

"Құтқару операциясы барысында мұз тағы жарылып, салдарынан Панфилов ауданы ТЖ бөлімі №11 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау майоры Дамир Таранов қаза тапты", - деп хабарлады ведомство.

Тергеу жүргізіліп жатыр

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Астанада өткен брифинг барысында бұл қайғылы оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Себептерін біздің қызметкерлер анықтайды, содан кейін қандай да бір заңбұзушылық болған-болмағаны белгілі болады. Ол мұздың үстімен барып адамды құтқармақ болған, мұз сынып кеткен. Өкінішке қарай, зардап шеккен адам да суға батып кетті", - деді ол.

Сондай-ақ Тұрсынбаев қаза тапқан қызметкердің отбасына заңнамаға сәйкес көмек көрсетілетінін айтты.

Қызметкер туралы не белгілі?

Дамир Таранов 1994 жылы туған. Ол азаматтық қорғау жүйесіндегі еңбек жолын 2012 жылы бастап, Көкшетау техникалық институтына оқуға түскен. 2016 жылдан бастап өртке қарсы қызмет органдарында қызмет атқарып, Панфилов ауданы мен Қапшағайдың (қазіргі Қонаев) өрт сөндіру бөлімдерінде жауапты лауазымдарда жұмыс істеген.

"Соңғы жылдары ол Жетісу облысы Панфилов ауданындағы №11 өрт сөндіру бөлімінде қызмет етті, онда өзін тәжірибелі маман және әріптестері құрметтейтін сауатты басшы ретінде көрсетті. Ол антқа адал болып, азаматтардың қауіпсіздігін қорғау жолында қызметтік борышын соңына дейін атқарды", - делінген ведомство хабарламасында.

Дамир Тарановтың артында жұбайы мен екі баласы қалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құтқарушы #өлім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Келешек мектептерінің оқушылары «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Бүгін 18:29

Алматы студенттері Қытайда цифрлық қауіпсіздік бойынша білімдерін шыңдады

Бүгін 18:13

Тоқаев Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап қайтты

Бүгін 17:22

Алматыда «жасыл» энергетиканы дамыту аясында заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынбақ

Бүгін 16:42

Алматыда 55 мыңнан астам адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика