конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ...

АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Алматы Бүгін 19:55 37 yakiya
АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ ЕНГІЗІЛЕДІ
«Abai University» медиа орталығы

Бүгін Абай университетінде «Мектеп және жоғары оқу орнындағы білім берудегі Алтын Орда тарихы» атты халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, тарихшылар мен педагогтар Жошы ұлысының мұрасын заманауи білім жүйесіне интеграциялаудың жаңа тұжырымдамасын талқылап, мектеп оқулықтары мен ЖОО білім беру бағдарламаларын жаңғыртуға бағытталған маңызды қарар қабылдады.

Халықаралық басқосу Алтын Орданың ортағасырлық Еуразия тарихындағы, соның ішінде қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуындағы іргелі рөлін заманауи ғылыми жетістіктер тұрғысынан зерделеуді мақсат етті. Жиында университеттің Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан, Түркияның Анкара университетінің профессоры Абдуллах Гюндогду, белгілі тарихшы Қанат Өскенбай, Абай атындағы ҚазҰПУ доценті Факия Шамшиденова, сондай-ақ тарих пәнініңмұғалімдері мен докторанттар баяндама жасады. Спикерлер Жошы ұлысының тарихнамасы мен оны бүгінгі буынға оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін жан-жақты талдады.

Ғылыми жиында қабылданған қарардың басты бағыттарының бірі – тарих пәнінің оқытудыңжүйесін жаңғырту. Ғалымдар мен мұғалімдер «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқулықтарындағы Алтын Орда тарихына қатысты тарауларды түбегейлі қайта қарауды ұсынды. Жаңа тұжырымдамаға сәйкес Ұлық ұлыс тек жаулаушы әскери мемлекет емес, дамыған қала мәдениеті, өркендеген сауда жүйесі, озық дипломатиясы мен бірегей құқықтық институты қалыптасқан ортағасырлық өркениет ошағы ретінде сипатталуы тиіс. Оқу үдерісін заман талабына сай цифрландыру үшін интерактивті карталар, маңызды тарихи нысандардың 3D модельдері мен деректі-танымдық анимациялық материалдарды енгізу де қарастырылды.

Сонымен қатар, жоғары білім беру бағдарламаларының мазмұнын тереңдету мақсатында маңызды қадамдар жасалмақ. Жиында Еуразия кеңістігіндегі тарихи процестерді терең түсіндіру үшін жоғары оқу орындарында «Алтын Орда: мемлекет, қоғам, мәдениет» атты міндетті базалық пән енгізу туралы бастама көтерілді. Оғанқоса, тарих бағытында бакалавриат және магистратура деңгейінде Жошы ұлысының тарихнамасы, деректануы мен археологиясына арналған элективті пәндік бағдарлама әзірленеді. Студенттер мен жас зерттеушілердің ортағасырлық жазба дереккөздерімен тікелей жұмыс істеу дағдыларын арттыру үшін ғылыми-практикалық семинарларды тұрақты ұйымдастыру да жоспарланған.

Аталған стратегиялық міндеттерді үйлестіру және халықаралық ғылыми-сараптамалық хаб қалыптастыру мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық факультеті жанынан «Алтын Орда өркениеті және Шығыс қолжазба мұрасы» ғылыми-зерттеу орталығы құрылады. Бұл орталық талантты жас ғалымдарға қолдау көрсетіп, археологиялық экспедицияларға, шетелдік мұрағаттардағы зерттеу жұмыстарына тартумен және академиялық ұтқырлықты қамтамасыз етумен айналысады.
Абай университеті аталған барлық маңызды бастамалардың орындалуын бақылайтын және үйлестіретін негізгі орталық ретінде жұмыс істейді. Дөңгелек үстелде қабылданған қорытынды қарар Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне, Оқу-ағарту министрлігіне және Ұлттық білім академиясына қарауға және іс-тәжірибеге енгізуге жолданады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дөңгелек үстел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік мемлекет: Қазақстан азаматтарына көрсетілетін қолдаудың ауқымы қандай?

Бүгін 19:45

Алматыда «ALMATY CIRCUS FESTIVAL» халықаралық фестивалі аясында әлемдік цирк өнерінің жұлдыздары өнер көрсетеді

Бүгін 18:06

Ұлы Жібек жолының ізімен: The Marco Polo Project халықаралық экспедициясы Алматыға келді

Бүгін 18:01

Жыл басынан бері Алматыдағы комьюнити орталықтарына 344 мыңнан астам жас барды

Бүгін 15:57

Дархан Сатыбалды спорт инфрақұрылымын дамытуды және бұқаралық спортты қолдауды күшейтуді тапсырды

Бүгін 15:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);