AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Лайфстайл / Алты бала, бір шаңырақ: Біләловтер отбасының берек...

Алты бала, бір шаңырақ: Біләловтер отбасының берекесі неде?

Лайфстайл Бүгін 16:39 39
Алты бала, бір шаңырақ: Біләловтер отбасының берекесі неде?

Алматыда алты баланы тәрбиелеп отырған Арман Біләл мен Жанар Сейілбекованың отбасы биыл «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының қалалық кезеңінде үздік атанды. Биыл байқауға Алматыдан 262 отбасы қатысқан.

Отағасы Арман Біләл есепші болып еңбек етеді. Ал жары Жанар Сейілбекова – қолөнер шебері әрі алты баланың анасы, «Күміс алқа» иегері. Бұл шаңырақта бала тәрбиесінде еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, ұлттық құндылық пен салт-дәстүрге ерекше мән беріледі. Балалары да спортпен айналысып, түрлі жарыстарда жүлде алып жүр.

Біләловтер үшін ұлттық тәрбие тек сөзбен айтылатын ұғым емес. Отбасы балаларын қолөнерге баулып, қазақтың дәстүрлі өнерін бірге дәріптеп келеді. Олардың «Жылдың төрт мезгілін бейнелейтін сырлы сырмақ» атты жұмысы 112 метрге жетіп, Global Book of Records рекордтар кітабына енген. Сондай-ақ Наурыз мерекесінде «Биік, алып, киелі – Шаңырақ» этномәдени композициясын көпшілікке ұсынған.

– Біздің басты мақсатымыз – ата-бабадан қалған ұлттық құндылықтарды сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу, – дейді отбасы мүшелері.

Алты балалы шаңырақтың өнегесі отбасының берекесі тек бала санымен емес, сол балаларға берілетін тәрбие, ортақ еңбек пен бір-біріне деген қолдаумен өлшенетінін көрсетеді.

Айта кетейік, Біләловтер отбасы енді Алматы атынан «Мерейлі отбасы» байқауының республикалық кезеңіне қатысады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#отбасы #Құндылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті

Бүгін 17:15

Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жаңа отбасы құрылды

Бүгін 16:36

Тауар айналымы 72 миллиард долларға жуықтады - Тоқаев

Бүгін 16:15

Отбасы апталығы: қиын жағдайға тап болғандарға көмек

Бүгін 16:15

Мемлекет басшысы Премьер-министр Нарендра Модиге алғыс айтты

Бүгін 16:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);