Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Түрксіб ауданында «бірыңғай терезе» қағи...

Алматының Түрксіб ауданында «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін әлеуметтік орталық ашылды

Әлеумет 19.04.2024, 10:18 1,004
Алматының Түрксіб ауданында «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін әлеуметтік орталық ашылды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Қала басшысы Ерболат Досаев Түрксіб ауданын аралап, тұрғындармен кездесу барысында әлеуметтік орталықтың жұмысымен танысты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Мұнда аудандық Ардагерлер кеңесі, мүгедектер қоғамы, Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің филиалы мен күн сайын 50 адамға дейін қамтитын аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қосымша білім беретін "Шыңға Өрлеу" әлеуметтік клубы орналасқан. Сондай-ақ, ғимаратта ауданның отбасын қолдау орталығы ашылады.



Бұған дейін бұл ұйымдар ауданның түрлі бөлігінде, әр түрлі санаттағы адамдар үшін бейімделмеген бөлмелерде болған.


Орталық 2017 жылдан бері бос тұрған ғимаратта орналасқан. Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде іргетас пен қабырғалары нығайтылып, инженерлік желі жүйесі жүргізілді. Сонымен қатар, аумақты абаттандыру жұмысы жүргізілді.



Жаңа форматтағы Әлеуметтік орталық Алатау ауданында да жұмыс істейді. Мегаполис басшысы Ерболат Досаев бейінді басқармаларға бұл тәжірибені барлық аудандарға масштабтау үшін осындай орталықтардың үлгілік жобасын әзірлеуді тапсырды.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#әлеумет #адам #халық #қоғам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

QyzPU-да KazChessLab инновациялық зертханасы ашылды

Бүгін 09:42

Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 09:32

Алматылық «Болашақ» стипендиаттары Президентпен Вашингтонда жүздесті

Кеше 21:27

Алматылық спортшы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Кеше 20:25

Еңбек демалысы сақталады: Конституцияның жаңа редакциясы жобасына қатысты түсіндірме

Кеше 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі