Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Түрксіб ауданында 100 көше жөнделді

Алматының Түрксіб ауданында 100 көше жөнделді

Әлеумет 04.12.2021, 04:54 1,214
Алматының Түрксіб ауданында 100 көше жөнделді
Cурет: Inform.kz

114 көшеге жаңа тротуарлар салынды


Ағымдағы кезеңдегі жөндеу науқанының қорытындылары туралы аудан әкімі Бақытжан Ақжаров Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


2016 жылдан бастап 2021 жылға дейін жол жөндеушілер 100 көшеде асфальтты жөндеп, 70 шақырымнан астам жолды ретке келтірді.


Бақытжан Ақжаров ауданда жол инфрақұрылымын дамыту жыл сайын жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мысалы, биыл жалпы ұзындығы 15,3 км болатын 21 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жүргізілді.



«Биыл Нұршашқан, Әлмерек және Қайрат шағын аудандарының 149 көшесінде жол жабынының күрделі құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды», - деді аудан әкімі.



Сонымен қатар, 114 көшеге жаңа тротуарлар салынды. Биыл олар 11 көшеде жасалды, жалпы ұзындығы – 9,5 км.


2022 жылы Бұқтырма көшесі мен Құлжа трактісінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Қазіргі кезде екі эстакаданың бірінде автокөлік қозғалысы іске қосылды, бұл осы учаскедегі жүктемені азайтуға мүмкіндік берді.
 
Аудан әкімдігі көшелерді жарықтандыруға ерекше назар аударады. Өткен жылы 614 учаскеге ағымдағы жөндеу жүргізілді, 338,5 км кабель тартылды, 8 463 бірлік кронштейндер мен шамдар орнатылды. Осы жылдың соңына дейін 91 учаскені жарықтандыру бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.


«Алматы Қала Жарық» сыртқы жарықтандыру желілерін  модернизациялау аясында Жансүгіров көшесі мен Қапшағай көпірі бойына жалпы ұзындығы 7 км 258 жарықтандыру тіректерін орнату жұмыстары аяқталды.


Ағымдағы жылдың соңына дейін ауданның жарығы жоқ 91 учаскесін жарықтандыру жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көше #Жөндеу жұмысы #Түрксіб ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алғыс айту күні құрметтеуді үйретіп, патриотизмге үндеп, бірлікті нығайтады

Бүгін 14:26

Алматыда Алғыс айту күнінің жастар үшін маңызын түсіндірді

Бүгін 14:23

Алматыдағы алғыс айту күні – ұлтты ұйыстырар мереке

Бүгін 12:53

Алматыда алғыс айту күнін қалай атап өтіп жатыр

Бүгін 12:45

Алматыда №221 маршруттың жүру тәртібі өзгереді

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі