AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Алматының спорт қауымдастығы республикалық референ...

Алматының спорт қауымдастығы республикалық референдумға белсенді қатысып отыр

Референдум 15.03.2026, 17:54 238 Сұлу
Алматының спорт қауымдастығы республикалық референдумға белсенді қатысып отыр
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыдағы спорт қауымдастығының өкілдері республикалық референдумға белсенді қатысып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Белгілі спортшылар, жаттықтырушылар және спорт ұйымдарының өкілдері учаскелерге келіп, таңдау жасауда.

Дауыс беруге Олимпиада чемпиондары, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, әлем чемпиондары және халықаралық жарыстардың қатысушылары қатысып жатыр. Көптеген спортшы оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға дайындық кезінде де дауыс беруге мүмкіндік тауып отыр.

Мәселен, бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай референдумға қатысып, ел үшін маңызды оқиғалардан шет қалмаудың маңызын атап өтті.

2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының оқ атудан қола жүлдегерлері Александра Ле мен Ислам Сәтпаев Алматы қаласының Бостандық ауданындағы комьюнити орталық ғимаратында орналасқан учаскеде дауыс берді.

Бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов қаладағы учаскелердің бірінде отбасымен бірге дауыс берді. Оның айтуынша, референдумға қатысу олардың отбасы үшін маңызды дәстүрге айналған.

Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина да дауыс беріп, мұндай қоғамдық-саяси оқиғалардың ел дамуы мен келешек ұрпақ үшін ерекше маңызы бар екенін айтты.

Спорт қауымдастығының басқа да өкілдері белсенділік танытты. Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекова Алматы облысындағы оқу-жаттығу жиынынан арнайы келіп, Алматыдағы учаскесінде дауыс берді.

Ал дзюдодан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев Чехиядағы халықаралық жаттығу лагерінде болғанына қарамастан, Чехия Республикасындағы Қазақстан Елшілігі жанындағы №405 референдум учаскесінде дауыс берді.

Аралас жекпе-жек индустриясының өкілдері де референдумға қатысты. Naiza FC ММА-промоушенінің президенті Нұрбек Қарабала мен Nomad Fighting лигасының президенті Мұхамеджан Қонысбеков учаскелерінде дауыс беріп, көптеген спортшы мен жаттықтырушының да референдумға белсенді қатысып жатқанын атап өтті.

Спортшылардың айтуынша, спорт қауымдастығының өкілдері спорт ареналарында ғана емес, елдің қоғамдық өмірінде де белсенді болуға ұмтылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Бүгін 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Бүгін 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Бүгін 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика