Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматының мониторинг топтары жаңа цифрлық шешіммен...

Алматының мониторинг топтары жаңа цифрлық шешіммен жұмыс істейтін болады

Өмір-өзен 19.07.2021, 17:30 2,160
Алматының мониторинг топтары жаңа цифрлық шешіммен жұмыс істейтін болады
Сурет: Echo24.de

Қалада 40 мониторинг топ қарқынды жұмыс жасауда.


Алматыда «дельта» үнді штамының айналымы салдарынан коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны өсуде. Алматы «қызыл аймақта». Мегаполисте қала тұрғындарының денсаулығын сақтау мақсатында адамдардың көп жиналуын және қайта жұқтыруды болдырмау үшін шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мониторинг топтар өз кезегінде шектеулердің сақталуын бақылайтын болады.


Жұқтырудың алдын алу тетігін жетілдіру аясында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі қалалық штаб қалалық прокуратурамен және «Атамекеннің» өңірлік палатасымен бірге мониторинг топтарының жұмысын цифрлық форматқа көшіру туралы шешім қабылдады.


Алматыда мониторинг топтарының жұмысын цифрландыру жұмыс қорытындысы туралы мәліметтерді өңдеу мен тіркеу сапасын жақсартады. Мәселен, Алматы қаласы бойынша мониторинг топтарын бақылау модулі мониторинг топтарының жұмысын нақты уақыт режимінде бақылауға және өзекті талдауларды енгізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде тексерушілердің қай нысандарға жиі баратыны, рейдтік бағыттар режимінің сақталуы және т.б. туралы ақпарат қолжетімді болады. Сонымен қатар, мегаполис прокуратурасында атап өткендей, мониторинг топтарының жұмысы тек осы модульді қолданған кезде ғана заңды болады.


Енді мониторинг топтарының кәсіпкерлерге келуі дереу жазылатын болады, базаның өзі электронды жазбаларды жүргізеді. Платформа мониторинг нысанының мекенжайын автоматты түрде анықтайды. Кәсіпкердің қатысуымен барлық идентификацияланған тәртіп бұзушылығы, қабылданған шаралар көрсетілімі жазылған шаблон толтырылады.


Еске салсақ, мониторинг топтары бизнес субъектілерін бес талап бойынша тексереді:


- жұмыс режимін сақтау;


- көптеген адамдармен іс-шаралар өткізу;


- әлеуметтік арақашықтықты сақтау;


- бетперде режимін сақтау;


- келушілер санының лимитін сақтау.


Мониторингтік топтардың заңсыз әрекеттері мен шешімдерінің барлық фактілері бойынша кәсіпкерлер прокуратураға 8-701-775-55-00 нөмірі арқылы хабарласа алады.


Алматыда 40 мониторинг топ қарқынды жұмыс жасауда. Мәселен, жыл басынан бері 3195 тексеру жүргізілді, 30 279 нысан қамтылды, карантин шараларын бұзған 2682 нысан анықталды. Жеке және заңды тұлғаларға жалпы сомасы 350 млн теңгеден асатын 4730 хаттама толтырылды. Соттарға 75 материал жіберілді (462-бап, 3-бөлім және 425-бап, 1-бөлім бойынша), оның ішінде 64 материал бойынша шешімдер қабылданды. Өткен аптада 12-17 шілде аралығында 829 нысанның карантин шараларын сақтауы тексерілді, 78 нысанның бұзушылығы анықталды. Демалыс күндері, 16-18 шілде аралығында, Алматы қаласы бойынша 27 заңды тұлғаның заң бұзғаны белгілі болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#карантин #штраф #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика