Алматының коммуналдық қызметтері қала аумағын күннің суытуы мен мен қар жаууына белсенді дайындауда. 25-30 қараша аралығында қалада Тазалық апталығы өтеді.
«Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында көше-жол желісін, қоғамдық орындарды, өзен арналарын, көше урналарын және арық желісін ауқымды тазалау жүргізіледі. Орындалатын жұмыстардың сапасын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында мониторингтік қызмет күшейтілді. Кемшіліктер мен бұзушылықтар анықталған жағдайда мердігер ұйымдарға жасалған шарттар шеңберінде әкімшілік айыппұлдар мен тұрақсыздық айыбы қолданылатын болады.
Айта кетейік, «Алматы Тазалық» ШЖҚ МКК базасында өткен баспасөз туры барысында журналистер дайындық барысымен танысып үлгерді, онда жаңа машиналар ғана емес, сонымен қатар күн сайын қаланың игілігі үшін жұмыс істейтіндер де назар аудартты, олар тазалық пен ең қиын қысқы жағдайларда үздіксіз жұмыс жасалуын қамтамасыз етті.
– Биыл «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында 32 заманауи жабдық сатып алынды. Бір арнайы техника 20 адамнан тұратын тұтас бригаданы алмастыра алады, бұл процесті едәуір жылдамдатады және тазалау тиімділігін арттырады, - деді «Алматы Тазалық» МКК директорының орынбасары Ертай Қасенов.
Жаңашылдықтардың арасында заманауи сору жүйесі мен щеткаларды қолдана отырып, жолдардағы қоқыстарды тиімді кетіретін қуатты сыпырып-тазалау машинасы бар. Машина қоқысты бір уақытта тиеу технологиясымен жабдықталған, бұл тазалау жылдамдығын айтарлықтай арттырады және қайта-қайта аялдау санын азайтады. Бұл құрылғы үлкен көшелерде де, тар аллеяларда да жұмыс істеуге өте ыңғайлы, тіпті ең қиын жерлерде де мұқият тазалауды қамтамасыз етеді.
Сыпырып-тазалайтын машина
Тағы бір маңызды модель-қыста жұмыс істеуге арналған мамандандырылған техника, оны коммуналдық қызметтегілердің өздері «жолбарыстар»ьдеп атайды. Негізгі мақсаты - қалалық жолдар мен аэродромдардан қарды, мұзды, шаң мен қоқысты 80 км/сағ дейін жинау жылдамдығымен тазалап тастау. Машина көктайғаққа қарсы сұйық реагенттерді тарату жүйесімен жабдықталған, бұл қыс мезгілінде магистральдардағы қауіпсіздікті едәуір арттырады. Ықшамдылығымен және жоғары маневрлік қабілетімен ерекшеленеді. Сыртқы бұрылу радиусы 13,7 м, магистральдық көшелерді тазалау кезінде икемділік пен ұтқырлыққа қатысты барлық күткеннен асып түседі. Ені 5,4 м қар тазалағышпен, ұзындығы 4,2 м щеткамен және артқы жағында орналасқан үрлеу құрылғысымен жабдықталған.
Қысқы жағдайда жұмыс істеу үшін жасалған мамандандырылған техника
Тығыз қала құрылысы жағдайында тиімді жұмыс істеу үшін келесі техника өте жақсы. Ықшам, маневрлі және қуатты бұл машина тар көшелерді, аулаларды және жаяу жүргіншілер аймақтарын тазалауда тамаша жұмыс істейді. Ол құмды, жапырақтарды және қоқыстарды тиімді түрде жояды, қаланың ең қиын жерлерінде тазалықты сақтайды.
Urban-Sweeper техникасы
Парктегі көліктер қатарын толықтырған маңызды техникалардың бірі -бұл бірнеше функцияларды біріктіретін аралас жол машинасы. Ол щеткалар мен соқалар арқылы қар мен мұздан жол жабындарын тазартады және мұздың алдын алу үшін реагенттерді шашады. Көп функционалдылықтың арқасында бұл техника бір жабдықта барлық қажетті қысқы техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындауға мүмкіндік береді, бұл тиімділікті едәуір арттырады және тазалау уақытын қысқартады.
Аралас жол машинасы
Директордың орынбасары Ертай Қасеновтың айтуынша, қыс мезгілінде қала көшелерінде 605 бірлік арнайы техника мен бір жарым мыңға жуық жол жұмысшысы жұмыс істейтін болады, бұл жолдарды да, тротуарларды да уақтылы және сапалы тазалауды қамтамасыз етеді.
- Біздің кәсіпорынның міндеті - көшелер мен тротуарларды қар мен мұздан сапалы және уақтылы тазалау. Біз қазірдің өзінде қысқы кезеңнің кез келген сын – тегеуріндеріне дайынбыз және жаңа жабдықпен жүктелген міндетті қысқа мерзімде орындай аламыз, - деп атап өтті ол.
Қаланың коммуналдық қызметтерінің қызметкерлері де жаңа жабдықты пайдалану бойынша мамандандырылған оқытудан өтті. Бұл қала көшелерінде қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ете отырып, қыс мезгілінде жоғары технологиялық машиналарды тиімді пайдалану үшін қажет. Оқыту жаңа техникамен жұмыс істеудің техникалық аспектілерін ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін, сондай-ақ ауа-райының ең қиын жағдайларында да үздіксіз жұмыс істеуге кепілдік беретін техникалық қызмет көрсету әдістерін де қамтыды.
– Әріптестерімізбен оқудан өттік, онда техниканы әсіресе қар мен көктайғақ жағдайында қалай дұрыс басқару керектігі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Әрбір машинаның өзіндік ерекшеліктері бар және оны қалай тиімді және қауіпсіз пайдалану керектігін білу маңызды. Біз жыл сайын жұмысымыздың сапасын жақсарту үшін жұмыс істейміз. Биылғы жылы жаңа техниканың арқасында біз одан да жылдам жұмыс істей аламыз. Біз қысты толық жарақтандырумен және ұйымдасқан командамен қарсы алуға дайынбыз, - деді «Алматы Тазалық» қызметкері Иван Черный.
Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Жанат Жақыпбектің айтуынша, Алматыда қысқы кезеңде қалаға қызмет көрсету үшін 841 бірлік техника бар, жолдар мен тротуарларды тазартуға 1 400 жол жұмысшысы тартылуы мүмкін. 9 мердігер ұйымның күшімен «Алматы тазалық» МКК-ден басқа, жалпы ұзындығы 2,7 мың км-ден асатын 2318 көшені санитарлық тазалау жүргізіледі. Күндізгі кезеңде көшелерді тазалауға техниканың күнделікті шығуы 600-ге жуық бірлікті және 800 жол жұмысшысын, түнгі ауысымда 220 бірлік техниканы және 250 жол жұмысшысына дейін құрайды.