AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Жетісу ауданында 7,5 шақырым арық желісі...

Алматының Жетісу ауданында 7,5 шақырым арық желісі салынып, қайта жаңғыртылады

Әлеумет 01.07.2024, 11:46 623 Almaty-akshamy.kz. 
Алматының Жетісу ауданында 7,5 шақырым арық желісі салынып, қайта жаңғыртылады
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының Жетісу ауданында жалпы ұзындығы 7,5 км арық желісін салу және реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаеваның тапсырмасы бойынша тұрғын алаптар мен жолдардың су басуын болдырмау мақсатында қолданыстағы арық желілері су ағынына төтеп бере алмайтын немесе мүлдем жоқ 25 учаске анықталды.

Қазіргі уақытта Құлыншақ, Латиф Хамиди көшелері, Колпаковский көшесінен Пестковский көшесіне дейін; Серпін көшесі, Жанбота көшесі, Маңғышлақ көшесі, Быковский көшесі, Маяковский көшесі, Рысқұлов даңғылы, Гончаров көшесінен Есентай өзеніне дейін, Казаков көшесі, Крылов көшесі, Ниязбеков көшесі, Венецианов көшесі, Жетісу көшесі, Жангелдин көшесі, Жансүгіров көшесі, Серіков көшесі, Ратушный көшесінің қиылысы, Тоқтаров көшесі, Волочаевская көшесі бойындағы құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.  

Сондай-ақ, биыл Жангелдин көшесі, Коммунальная көшесі, Рысқұлов даңғылы, Уссурийская көшесінің қиылысы, Жұмабаев көшесі, Станиславский көшесі, 158 мекенжайы бойынша 6 учаскеде арық желісін ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жалпы ұзындығы 1,7 км. жұмыстар ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін аяқталады.

Аудан аумағында арық желілері жалпы ұзындығы 107 км 69 көшеде орналасқан, оның ішінде 3 км жасыл желектерді суару үшін пайдаланылады. Арық желілеріне су ағыны қаланың жоғарғы бөлігінен келеді.

Айта кетейік, Жетісу ауданының әкімі лауазымына Гүлнар Көкебаева 2020 жылдың қазан айында тағайындалған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Арық #құрылыс #су
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);