AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматының Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясы...

Алматының Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясында симфониялық концерт өтеді

Мәдениет 26.08.2022, 02:00 1,055 Almaty-akshamy
Алматының Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясында симфониялық концерт өтеді
сурет: Almaty.tv

28 тамызда паш етпек


Музыкалық кештің авторы – жаһан жұртына жақсы таныс композитор әрі пианист Рахат – Би Әбдісағин
Отандық академиялық музыка әлемінде жаңа бастама! Алматының Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясында симфониялық концерт өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Музыкалық кештің авторы – жаһан жұртына жақсы таныс композитор әрі пианист Рахат – Би Әбдісағин.
Музыка әлемінде, әсіресе симфониялық музыкада авторлық кеш өткізу – сирек құбылыс. Ал заманауи академиялық кеш – тіптен бөлек әңгіме. Алматы жұрты жақында осы айрықша концерттің куәсі болмақ. Оның ерекшелігі – автордың жаңа композиторлық техникаларды қолдана отырып, орындаудың тың тәсілдерін ұсынуында.



«Бұл концерт заманауи академиялық музыканың дамып жатқанына дәлел. 6 туындыны орындаймын, оның әрқайсысы ерекше әсер береді. Заманауи музыкадан Алматыдағы айрықша концерт, дегенмен бұл әлі бастамасы ғана», – деді композитор Рахат-Би Әбдісағин.



Концертте рояль мен органда ойнайтын Рахат-Биден бөлек, Байқадамов атындағы хор капелласы мен Қазақстанның мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі өнер көрсетеді. Тұғыры биік өнердің бағасын білетіндер үшін шетелден келер қонақтар да үлкен сый болмақ. Мәселен, қос ғасырда құнды еңбек қалдырған британдық дирижер Клемент Пауэр арнайы келді.



«Мен Қазақстаннан, мұндағы оркестрдің жұмысынан ләззат аламын. Расында Рахат-Бидің өнері үшін келдім. Заманауи академиялық музыканы жастардың дамытып, жаңа белеске көтеріп жатқаны ұнайды. Бұл концертте тылсым күш бар, комбинация көрініп тұр», – деді дирижер Клемент Пауэр.


«Концертті өзім жүргіземін. Жүргізе отырып, әр туындының сырын ашамын. Бірнеше аспапта жеке орындауларым да болады. Ал бұл - қазақстандық оркестрдің заманауи музыкамен алғашқы қауышуы», – деді композитор Рахат-Би Әбдісағин.



Әлемдік аренада өнерімен атағы шыққан отандық композитор Рахат-Би Әбдісағин қала жұртына тамыздың 28-і концерт қояды. Биік өнердің ұсынарын қалың көпшілік Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда тамашалай алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Концерт #Филармония #кеш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Бүгін 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);