Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматының гастроэнтерологтары ішегі қабынған науқа...

Алматының гастроэнтерологтары ішегі қабынған науқастарды нәтижелі емдеуде 

Медицина 24.12.2024, 11:06 1,137
Алматының гастроэнтерологтары ішегі қабынған науқастарды нәтижелі емдеуде 
Денсаулық басқармасы

Ойық жаралы колит және Крон ауруы сияқты ішектің қабыну аурулары (IҚА) – пациенттердің өмір сүру сапасына айтарлықтай әсер ететін ең ауыр созылмалы, аутоиммунды ішек ауруларының бірі. Тұрақты ауырсыну, диарея, ағзаның әлсіреуі және әдеттегі өмір салтымен жүре алмау – науқастар осындай жайсыздықтарды сезінеді. Алайда, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ мамандары бұл сырқатты да нәтижелі емдеуге болатынын айтады. 

Жуырда Марина Суворова дәрігерлерге Крон ауруы диагнозымен ауыр жағдайда көмекке жүгінді. Ол үнемі іштің ауырсынуын, қанмен бірге жүретін дәретке жиі баруды және әлсіздікті бастан кешкен. Басқа мекемелерде емделгені нәтиже бермегендіктен, бұл оның физикалық және эмоционалдық жағдайын нашарлатқан.

Жағдайдың күрделілігін түсіне отырып, ҒЗИ дәрігерлері мұқият тексеру жүргізді: эндоскопиялық және зертханалық зерттеу, ішектің ультрадыбыстық зерттеуін, МР-энтерография жасады. Кешенді тәсілдің арқасында дәрігерлер аурудың сатысы мен сипатын дәл анықтай алды, бұл жеке терапияны тағайындауға негіз болды.

Екі жыл бұрын Қонаев қаласының тұрғыны Джульетта Хамуеваға (43 жаста)  да ойық жаралы колит диагнозы қойылған. Оны қатты ауырсыну мен қан кету мазалаған, әрең жүрген, күн сайын дене қызуы көтеріліп, температура 38-40°C-қа жеткен, 15 кг салмақ жоғалтқан. Ауру салдарынан ревматоидты артрит дамып, тіпті сүйектері де ауырған. Басқа ауруханаларда емделгені нәтиже бермеген. Оған Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ – ІҚА бойынша жетекші маман, басқарма төрағасының орынбасары Жамила Қайбуллаеваға жүгіну ұсынылған, ол пациенттің ауыр анемия, әлсіздік жағдайын ескере отырып, зерттеуден өту және терапияны таңдау үшін ауруханаға жатуына ықпал етті. 

Джульетта №1 терапия бөлімшесінде емдеу курсын өтті. Емдеуден кейін аурудың тұрақты ремиссиясы байқалады. Дұрыс таңдалған кешенді және қарқынды терапия бір апта ішінде эндоскопиялық ремиссияға жеткенге дейін оның жағдайын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді, оны институттың эндоскопиялық мамандары  растады.  

Осы орайда гастроэнтерологтар командасы: Жамила Қайбуллаева, Иса Мұсатаев және жас резидент дәрігер Әйгерім Сарбаеваның кәсіби еңбегін атап өткен жөн.

«Біздің институт – асқазан-ішек жолдарының патологиясы бар науқастарға көмек көрсету бойынша жетекші республикалық орталық. Диагностиканың заманауи технологиялары мен терапияның үлкен арсеналының болуы пациенттерге емдеу және оңалту қызметтерінің толық спектрін алуға мүмкіндік береді. Біз әрбір пациентке сапалы көмек пен толыққанды өмірге оралу үшін қажетті қолдау көрсетуге тырысамыз. ІҚА өмір бойғы ауруларға жататынына  қарамастан, уақытылы дұрыс диагноз қою және дұрыс емдеу арқылы аурудың ауыр түріне өтуіне жол бермей, тұрақты ремиссияға қол жеткізуге болады. Осының арқасында пациенттер толыққанды өмір сүріп, еңбекке қабілеттілігін сақтай алады», –  дейді Басқарма төрағасы Марат Пашимов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #гастроэнтеролог #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика