AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының басқа қаладан келген студенттерінің жарт...

Алматының басқа қаладан келген студенттерінің жартысынан көбі жатақханаларда орындармен қамтамасыз етілген

Әлеумет 05.12.2023, 06:55 1,249
Алматының басқа қаладан келген студенттерінің жартысынан көбі жатақханаларда орындармен қамтамасыз етілген
Сурет: Egemen.kz

Алматы әкімдігі жоғары оқу орындарының басшылығымен бірлесіп жатақханаларда жайлы тұру үшін басқа қаладағы студенттерді орындармен қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.


Айта кетейік, мегаполисте 35 ЖОО орналасқан, онда 199 мыңнан астам студент оқиды, оның 124 мыңы басқа қаладан келгендер. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Сонымен қатар 9 ЖОО (Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ, Абай атындағы ҚазҰПУ,  С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Нархоз, ХОК, КИМЭП, Тұран, UIB) 3 284 студент тұратын 23 жатақханамен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумдар жасасу кезінде санитарлық және өртке қарсы қауіпсіздік нормаларының сақталуы ескерілді, уәкілетті органдар (Төтенше жағдайлар департаменттері, Алматы қаласының санитарлық - эпидемиологиялық бақылау департаменттері және қала құрылысын бақылау басқармасы) тексеру жүргізді.



«Ағымдағы жылдың қыркүйек айында басқа қаладан келген студенттердің 50%-дан астамы төсек-орынмен қамтамасыз етілді. Бұл 30-35% аралығында өзгеретін әлемдік көрсеткіштерден едәуір асып түседі. 2016 жылдан бастап төсек-орындарға қажеттілікті анықтау мақсатында біз қаланың жоғары оқу орындары арасында сауалнама жүргізіп келеміз. Жыл сайын тапшылық шамамен 32-35 мың орынды құрайды. Осы шараның арқасында мәселенің өткірлігі оқу жылының басында жойылады», - деп түсіндірді ӨКҚ спикері. 



Бүгінгі таңда қалада 102 жатақхана жұмыс істейді, онда 33,5 мыңнан астам студент тұрады. 
 
2025 жылдың соңына дейін 12 мың төсек-орын, ал 2030 жылдың соңына дейін тағы 20 мың төсек – орын құру жоспарланған, бұл жатақхана тапшылығы мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді.
 
Осы жылдың наурыз айында студенттік жатақханалар салу бойынша жобалық кеңсе іске қосылды. 2023 жылдың соңына дейін 3 959 төсек-орынға арналған 15 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда, оның ішінде 1 550 төсек-орынға арналған 7 нысан ағымдағы жылдың қыркүйек айында іске қосылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жатақхана #студенттер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда осы заманғы академиялық музыка фестивалі өтуде

Бүгін 12:14

Алматыдағы №16 емхананы қайта жаңғырту жұмыстары биыл күзде аяқталады

Бүгін 12:03

Алматыда түнгі ойын-сауық орындарына бақылау күшейтілді: рейд барысында жастар жаппай құқықбұзушылықты анықтады

Бүгін 11:20

Жол апатынан кейінгі ауыр жарақат пен 10 ота: алматылық дәрігерлер науқасты аяғынан тік тұрғызды

Бүгін 10:53

Арманға қанат бітірген орда: Алматы Оқушылар сарайының бүгінгі тынысы

Бүгін 10:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);