AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Әуезов ауданында ескірген құбырлар ауыст...

Алматының Әуезов ауданында ескірген құбырлар ауыстырылады

Әлеумет 17.06.2024, 09:59 603
Алматының Әуезов ауданында ескірген құбырлар ауыстырылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда 25 жыл бойы пайдаланылған жылу магистралі қала әкімінің тапсырмасымен жаңартылады

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданындағы жылу магистралін қайта жаңарту барысын тексерді.

2023 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан және 2024 жылдың қыркүйегінде аяқталуға тиіс екі жылдық жобаны жүзеге асыру аясында 1 838 метр құбыр ауыстырылады. Диаметрі 700 мм болатын қайта жөндеуге жататын жылу магистралі 1991 жылдан бастап пайдалануға берілді және өзінің 25 жылдық нормативтік мерзімін өтеді. Соңғы бес жылда құбырда 20-ға жуық ақау тіркелді. 

Магистраль Ұлықбек даңғылы мен Шаляпин көшесінің арасындағы Кіші Сайын көшесінің бойымен батыс жағында.

2023 жылы 583 метр құбыр салынды. Биыл құрылыс мамыр айынан бастап жалғасты және қазіргі уақытта жалпы жұмыс көлемінің 18%-ы орындалды.

Құбыр 400-ден астам көппәтерлі үйдің, 4 балабақшаның және аталған көшелердің аумағында орналасқан 105 жеке тұрғын үйдің тұрғындарын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Қайта жаңарту осы учаскедегі жылу шығынын, тозуды және апатты азайтуға мүмкіндік береді.

Жұмыс кезінде тұрғындар үшін ыстық сумен жабдықтаудың уақытша схемасы көзделген.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін ұзындығы 1386,5 метр болатын тағы бір тозған құбырды ауыстыру жоспарланып отыр. Бұл жұмыс Сайын көшесінің батысында және Шаляпин көшесінің солтүстігінде аулаішілік аумақта қолға алынған.

Құрылыстың бірінші кезеңі 2023 жылы басталды, ол кезде 730 метрлік жылу трассасы ауыстырылды. Биыл тағы 656,5 метрді ауыстыру жоспарланған. 

Қала басшысы құрылыс-монтаж жұмыстарын жеделдетуді және нысандарды қайта жаңартуды мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ерболат Досаев #жылу магистралі #көппәтерлі үй
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарды қолдауға арналған «Әлеуметтік шеберхана» жобасы басталды

Бүгін 11:54

Терезені жаппаған ата-ана айыппұл арқалауы мүмкін

Бүгін 11:03

Көптің жүрегін жаулаған дәм: балмұздақ шаһарынан эксклюзив фоторепортаж

Бүгін 11:02

Алматыда қайта өңделетін және қауіпті қалдықтарды қабылдау бойынша экоакция өтеді

Бүгін 10:41

Қазақстанда ана өлімі азайған

Бүгін 09:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика