конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда тұрғындардың бастамасымен Чайковский көше...

Алматыда тұрғындардың бастамасымен Чайковский көшесінің бір бөлігі көріктендіріліп жатыр

Алматы 31.07.2026, 15:27 180
Алматыда тұрғындардың бастамасымен Чайковский көшесінің бір бөлігі көріктендіріліп жатыр

Алматының Алмалы ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Чайковский көшесінің Қазыбек би көшесінен Әйтеке би көшесіне дейінгі бөлігі көркейтіліп жатыр. Жоба жергілікті тұрғындардың бастамасымен қолға алынып, көктемнен бері жүзеге асырылуда. Бұл туралы Алмалы ауданы әкімдігінің өкілдері айтты.

Аумағы 0,6 гектар болатын учаскеде демалыс пен серуендеуге арналған жайлы жүргіншілер кеңістігі қалыптастырылуда. Оның 0,4 гектары көгалдандыруға бөлінген. Мұнда көгал төселіп, көпжылдық бұталар отырғызылып, бұрын болмаған автоматты суару жүйесі орнатылуда.

Қалған 0,2 гектар аумақта жүргіншілерге арналған жабын жаңартылады. Жоба аясында 985 шаршы метр кеспетас пен 250 шаршы метр асфальт төселіп, көлеңкелі шатыр, пергола және 27 жаңа жарықтандыру бағаны орнатылады. Жарық шамдарын қосу үшін 400 метр кабель желісі тартылған.

№85 үйдің тұрғыны Жанат Ізжанованың айтуынша, жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі тұрғындарды қуантады.

«Жасалған жұмыстарға өте ризамыз. Біздің ауламыз тұрғындардың сүйікті орны еді, енді бұрынғыдан да көркейе түсті. Автоматты суару жүйесі орнатылып, жайлы орындықтар қойылды, спорт және балалар алаңдары жаңартылды. Көріктендірудің арқасында бұл жер нағыз саябаққа айналғандай әсер қалдырады. Осындай игі жұмыс үшін алғыс айтамыз», – деді тұрғын.

Аудан әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, жоба тұрғындардың күнделікті көтерген мәселелерін шешуге бағытталған. Оның аясында тротуарлар жаңартылып, жарықтандыру жүйесі жақсартылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бір тәулік ішінде 1 675 рет жол ережелері бұзылғаны анықталды

Бүгін 08:13

Алматыда ALMATY SUMMER FEST сахнасында Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалды

Кеше 18:00

Таңдау өз қолымызда: алматылықтар алдағы сайлау туралы не ойлайды

Кеше 17:03

Кедергісіз сайлау: Алматыда әрбір сайлаушы үшін қолжетімді орта қалай қалыптастырылуда

Кеше 16:09

Есептен шығару куәлігінен үйде дауыс беруге дейін: Алматы сайлаушылары нені білуі маңызды

Кеше 16:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);