Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының 100-ден аса кәсіпкері мен тұрғыны заңгер...

Алматының 100-ден аса кәсіпкері мен тұрғыны заңгерлік кеңес алды

Әлеумет 04.05.2024, 08:09 902
Алматының 100-ден аса кәсіпкері мен тұрғыны заңгерлік кеңес алды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Мемлекеттік органдар басшылары мен білікті ерікті заңгерлер қатарынан құралған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ Алматы қаласының 100-ден астам кәсіпкеріне құқықтық кеңес берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Мобильді топтың негізгі мақсаты – азаматтардың заң консультацияларына қол жеткізуін қамтамасыз ету және олардың өзекті мәселелерін заңға сәйкес жедел шешу.


Халыққа ыңғайлы болу үшін іс-шараны өткізу орны ретінде 340-тан астам бизнес субъектісі орналасқан «Атакент молл» сауда-ойын-сауық орталығы таңдалды.


Мәселелердің көпшілігі салық салу, кедендік әкімшілендіру, жер қатынастары және құрылыс салалары бойынша көтерілді.


Акция барысында азаматтар 9 білікті заңгер-еріктілерден және қаланың 12 мемлекеттік органдарының басшыларынан тегін құқықтық көмек пен кеңес алды.


Мемлекеттік органдар тарапынан шаралар қабылдауды талап ететін мәселелер Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ерекше бақылауына алынды.


Аталған іс-шара «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» және «Бизнеске жол» жобаларын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.


Осындай көшпелі консультациялар қаланың басқа да сауда-ойын-сауық орталықтарында жалғасатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#заңгер #кәсіпкер #Кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы 2026 жылдың басты оқиғалары: концерттер, фестивальдер және әлемдік деңгейдегі шоулар

Бүгін 15:23

«WorldSkills Kazakhstan–2026» болашақ чемпиондары республикалық кезеңге дайындалып жатыр

Бүгін 15:01

Бастамашыл топ «Әділет» атты жаңа саяси партияның құрылатынын мәлімдеді

Бүгін 14:53

Алматыдағы мейрамхана жеті ел арасындағы үздік 10 орынның қатарына енді

Бүгін 14:45

Қамшыбек Тәшиев Қырғыз футбол одағы президенті қызметінен де кетті

Бүгін 14:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика