конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылықтарға Баум тоғайын абаттандыру жобасы тан...

Алматылықтарға Баум тоғайын абаттандыру жобасы таныстырылды

Барлығы 06.08.2025, 15:23 715
Алматылықтарға Баум тоғайын абаттандыру жобасы таныстырылды
Алматы әкімдігі

Алматыдағы мемлекеттік табиғи ескерткіш – Баум тоғайы аумағында қаланың Урбанистика орталығының өкілдері белсенді қала тұрғындары және өзге де қоғам өкілдерімен кездесті. Басқосуда тоғай аумағын абаттандыру жобасы талқыланды.

Кездесу барысында әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері мен алдағы қайта жаңарту тұжырымдамасы ұсынылды. Қатысушылар пікір алмасып, жоба аясында тоғайдың табиғи экожүйесін сақтау маңызды екенін атап өтті.

Жобаның негізгі элементтері табиғи тепе-теңдікті сақтауға бағытталған экологиялық аймақтарға бөлу, жасыл желекті сақтау және қалпына келтіру, апатты жағдайдағы ағаштардан кезең-кезеңімен тазарту, аурулар мен зиянкестерге қарсы күрес, жаңа көшеттер отырғызу жұмыстарын қамтиды. Сондай-ақ, экожүйені қалпына келтіруге ерекше назар аударылып отыр: арық жүйесін жаңарту, жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасын қорғау, тоғайды Басқарасу өзенімен байланыстыруды жақсарту жоспарланған.

 

Бұған қоса, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қарастырылған: жарықтандыру жүйесін орнату, патруль қызметін ұйымдастыру және автокөлік кіруін бақылау. Рекреациялық инфрақұрылымды дамыту аясында табиғи ортаға барынша аз зиян келтіре отырып, экологиялық соқпақтар, тыныш демалыс аймақтары, балалар және спорт алаңдарын салу көзделіп отыр. Жобада ағартушылық бағыт та маңызды: визит-орталық, ақпараттық тақталар, оқушыларға биология сабақтарын өткізу және экологиялық сананы қалыптастыруға қолдау көрсету жоспарланған. 
 
Жобаны іске асыру барысында тұрғындар мен сарапшылардың пікірі ескерілетіні атап өтілді. Алдағы уақытта тоғай аумағында мамандардың қатысуымен ашық талқылаулар мен баспасөз туры ұйымдастырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #баум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның халық артисі Досхан Жолжақсынов Құрылтай сайлауында таңдау жасады

Бүгін 16:34

Алматыда «Карина Paper» зауытының қызметкерлері Құрылтай сайлауында дауыс берді

Бүгін 16:31

Алматыда танымал эстрада әншісі Абай Бегей Құрылтай сайлауында дауыс берді

Бүгін 16:29

Алматыда дауыс беру күні «Сайлаушымен бірге ән шырқа» акциясы өтіп жатыр

Бүгін 16:27

Алматыда «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпаздары сайлауға қатысты

Бүгін 16:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);