AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматылықтарға арналған ерекше мүсін

Алматылықтарға арналған ерекше мүсін

Алматы құшағында Бүгін 14:03 23
Алматылықтарға арналған ерекше мүсін

Алматыда Сайран көлінің маңында көпшілікті әсерге бөлеген итті құтқару оқиғасына арналған ерекше арт-нысан орнатылып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, композиция Үлкен Алматы өзенінің арнасында, Сайранға құятын жерде орналасқан.

Арт-нысан 22 наурыз күні ресми түрде ашылады. Жобаның бастамашысы – ForteBank. Скульптура шынайы оқиғаға негізделген: онда адамдардың бір-біріне қол созып, тізбек құрып, жануарды құтқарған сәті бейнеленген. Мұны алматылықтар өзара көмек пен жанашырлықтың символы деп түсінген.

Оқиға куәгері Марьяннаның айтуынша, бәрі жай серуен кезінде болған. Су ішінде қалған итті көрген жастар бірден көмекке ұмтылып, бір-бірінің қолынан ұстап, оны аман алып шыққан. Сол сәт видеоға түсіп, әлеуметтік желіде кең тараған.

Арт-нысан авторы қазақстандық танымал суретші Ербосын Мельдибеков. Композицияның ерекшелігі – соңғы адамның қолы қоршаудан сыртқа шығарылған. Бұл жерден өткен адамдар да қолын созып, "құтқару тізбегінің" бір бөлігіне айнала алады.

Алматылықтар бастаманы жылы қабылдап, оны "адамгершіліктің символы" деп баға берген. Олардың айтуынша, жануарларға қатысты жағымды жаңалықтардың пайда болуы қуантады, себебі көбіне қатыгездік пен теріс оқиғалар жиі айтылады. Кейбірі бұл бастаманы "өте жақсы әрі әсерлі жоба" деп бағалап, итті құтқарған жастардың әрекетін ерекше атап өткен.

Куәгерлердің бірі сол күнді еске алып, оқиғаның өзіне қатты әсер еткенін жеткізген. Оның айтуынша, бұл видео алғаш жарияланған кезде көпшілікке тез тарап, адамдар құтқарушыларды іздеген. Жалпы, желі қолданушылары мұндай игі істерді бейнелейтін нысандар қаланың ажарын ашып, оны тұрғындарға жақын әрі жылы ететінін атап өтті.

Бұл оқиға 2016 жылы болған. Сол кезде алматылықтар өз өмірлерін қатерге тігіп, суға құлаған итті бірігіп құтқарып қалған еді.

https://web.telegram.org/a/progressive/document5330450406025759745
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар Наурызды қалай қарсы алады?

Бүгін 15:27

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Бүгін 15:22

Наурыз тойының шығуына байланысты аңыз-әфсаналар

Бүгін 13:45

«ЖАЗЫЛ ДА, ҰТЫП АЛ!»: Байқау жеңімпаздары анықталды

Бүгін 13:24

Air Astana Наурыз мейрамын жаңа борттық мәзірмен және мерекелік жаңалықтармен қарсы алады

Бүгін 13:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика