ffin.kz

Алматылықтарға 79,2 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілді

Алматылықтарға 79,2 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілді Almaty-akshamy.kz

Биылғы жылдың бірінші жартысында сақтандырылған алматылықтар МӘМС жүйесі арқылы жалпы құны 79,2 млрд теңге болатын медициналық көмек түрлерін пайдаланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.


Айтуынша, шығынның басым бөлігі, яғни 44,1 млрд теңге стационарлық медициналық көмекке, 3,2 млрд теңге – күндізгі стационарлар көрсеткен қызметтерге төленді.


«Медициналық көмекке жүгінген азаматтар тарапынан емдеу мен диагностиканың бағасы қымбат түрлері, салалық мамандардың консультациялары, сондай-ақ зертхана талдауларына деген сұраныс жоғары болған. Жарты жылда аталған қызметтерге 14,6 млрд теңге жұмсалды», - деді филиал басшысы.


Филиал басшысының сөзіне қарағанда, соның ішінде компьютерлік томография мен магнитті-резонанстық томографияға (КТ/МРТ) деген сұраныс бұрынғыша жоғары күйінде қалып отыр. Алты айда Алматы қаласында жалпы сомасы 890,5 млн теңгені құрайтын 46 мыңнан астам КТ жасалған. Тағы 33 мыңнан астам МРТ қызметіне Қор 542 млн. теңге бөлді. Сонымен қатар, онкологиялық науқастарды нысаналы түрде тексеруге арналған 6,4 мың позитронды-эмиссиондық томография жасалған, оған 2,2 млрд теңгеден астам қаржы төленген. 


«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен күн сайын құны бірнеше миллионға жетіп жығылатын жоғары технологиялы операциялар жасалып жатыр. Биылғы жылдың 6 айында Алматы қаласында осындай оталарға 11,7 млрд.теңге жұмсалыпты. Жарты жылда алматылық стационарлар мидағы қан-тамырлары мен қан-тамыр жүйелеріне 2 226 ота жасаған. Операциялардың жалпы құны 2,7 млрд. теңгеден асты. Сонымен қатар, сақтандырудың арқасында трансплантологиялық операциялар да кедергісіз жасалып жатыр. Жарты жылда 34 бүйрек алмастырылды, оның жалпы құны 170 млн теңгені құрады», - деді Тілеухан Әбілдаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32