AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылықтар үйлеріне қоңыз қаптап кеткеніне шағым...

Алматылықтар үйлеріне қоңыз қаптап кеткеніне шағымданды

Әлеумет 21.06.2023, 05:42 2,118
Алматылықтар үйлеріне қоңыз қаптап кеткеніне шағымданды
Сурет: ашық дереккөз

Алматы тұрғындары қалаға ағаш қоңыздарының қаптап кеткеніне шағымданды, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


35 жастағы Роман Беккердің айтуынша, ол Атакент ауданындағы көпқабатты үйде тұрады екен. Соңғы аптада бұл жәндіктерді әр қадам сайын көретін болған. Мұндайды ол қалада өмірінде бірінші рет көріп тұр екен.



«Кешке кез келген ағаштың түбінде тұрыңыз, сонда 10-15 ағаш қоңыздары басыңызға түседі. Кеше мен Абай-Масанчи ауданында болдым, ол жерде қарағашқа жақын жерде осы қоңыздар көп кездесетін көп қабатты үй бар. Мен төртінші қабатта тұрсам да қоңыздар көріне бастады. Бұл экологиялық апат. Олардың қандай зиян келтіретіні белгісіз.


Бұрын, бәрі тазартылып тұратын бірақ қазір білмеймін. Биыл ағаш кесуді мүлдем қойды. Алматыны ағаштар басып қалды. Менің түсінгенім, әкімдік аулаларды тазалауға рұқсат берген бірақ жасыл желектерді күтіп-баптауды қойған. Бұрын ағаштардың түбі ағартылатын еді. Қазір Әуезовке барыңыз, мұндай ағаш көрмейсіз. Тіптен құстарды көре алмайсыз. Біздің әсем қаламызда олар сирек кездеседі», - деді Роман.



Tengrinews.kz тілшілері Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының мамандарына жүгінді. Өсімдіктерді биологиялық қорғау басқармасының басшысы Нұржан Мұхамадиевтің айтуынша, мұның бәрі Алматыдағы ауа райы мен климаттың өзгеруіне байланысты. Биыл қалада көктем жаңбырлы болды.



«Көктемнің ұзаққа созылған салқыны, содан кейін температураның 35 градусқа дейін көтерілуі осы жәндіктердің қарағаш түбінде көбеюіне қолайлы кезең. Оларды халық арасында «сасық қоңыз» деп атайды. Өйткені олар қол тигізгенде жағымсыз иіс шығарады. Олар негізінен санитарлық кесу аз жүргізілетін аулаларда көп кездеседі. Сонымен қатар тазартып, өңдеуге барлығы келісе бермейтін аулаларда да көп. Мұндай жерлерде көбею ошақтары пайда болады. Орталық көшелерде мұндай жағдай жоқ. Бұлар қарағаш пен басқа да ағаштар да өмір сүреді. Өйткені ол жерлер мезгіл сайын өңделеді», - деді Нұржан Мұхамадиев.




Маманның айтуынша, дәл осындай жағдай Алматыда 2017-2020 жылдары болған. Бірақ мұндай жәндіктер зиянкестерге жатпайды.



«Бұл жәндіктер адамдарға зиян келтірмейді, жай ғана жайсыздық тудырады. Олар қарағаш тұқымымен қоректенеді. Бұталарда өмір сүреді. Күресу үшін эвкалипт майын, торларды, дихлорволарды, терезе торларын қолдануға болады.


Аулаларға құс ұяларын салуға кеңес берер едім. Қалада құстар аз, құрылыстар көбейгендіктен құстар азайып кетті. Мектептер мен балабақшаларға құстарға арналған ұя салу керек», - деді Мұхамадиев.



Мұхамадиев алматылықтарды сабыр сақтауға шақырды. 2-3 аптадан кейін жәндіктер қала тұрғындарын мазаламайтынын мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қоңыз #зиян #ағаш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, атаулы жеделхаттар жолдады

Кеше 21:42

Президенттің атына көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр

Кеше 21:16

Қаражат атаулы әрі ашық түрде бөлінеді: Маңғыстауда қаза болған және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына қалай көмек көрсетіледі

Кеше 18:40

Каспий қасіретінен қаза тапқандарға көмек көрсету үшін шот ашылды

Кеше 18:30

Кінәлілер жауаптан жалтармайды – Қорғаныс министрі Каспийдегі қайғылы жағдай туралы мәлімдеме жасады

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);