Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылықтар қауіпті аурулардан сақтайтын қандай в...

Алматылықтар қауіпті аурулардан сақтайтын қандай вакциналарды ала алады?

Медицина 14.10.2022, 05:34 2,151
Алматылықтар қауіпті аурулардан сақтайтын қандай вакциналарды ала алады?
Сурет: Egemen.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова жүргізіліп жатқан иммунопрофилактика жайлы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оның айтуынша, жалпы қала бойынша 2022 жылдың 9 айында бірқатар профилактикалық егулермен халықты қамтудың қажетті деңгейіне жеткен (кем дегенде 71,2% -74,9%).


 Оның ішінде 4 айлық балаларды көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, В вирусты гепатитіне, гемофильді инфекцияға және полиомиелитке қарсы (АбКДС3) қамту– 73,9%, 12-15 айлық балаларды пневмококктық инфекцияға қарсы егу Пневмо3- 72,5%, 12-15 айлық балаларды қызылшаға, қызамыққа, паротитіне қарсы ҚҚП1- 76,1%,  6 жастағы балаларды қызылшаға, қызамыққа, паротитіне қарсы ҚҚП2 қайта егу – 71,7%,  6 жастағы балаларды  көкжөтелге,  дифтерия, сіреспеге қарсы (бустрикс АбКДС5) -71,1%, 18 айлық балаларды көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, полиомиелитке,  гемофильді инфекцияға қарсы (АКДС4) қамту – 70,4%, 16 жастағы жасөспірімдердің дифтерия мен сіреспеге қарсы АДС-М вакцинасымен егу -69,7%, дифтерия мен сіреспеге қарсы ересектерді АДС-М вакцинасымен егу - 90,5% құрады.


Перзентханаларда жаңа туған нәрестелерді «В вирусты гепатитіне» қарсы екпемен қамту- 86,1% және  туберкулезге  қарсы – 86,1% пайызды құрады. Уақытша медициналық қарсы көрсетілімдер мен ата-аналардың вакцинациядан бас тартуы жаңа туған нәрестелерді вакцинациямен жеткіліксіз қамтудың негізгі себептері болып қалып отыр.



«Бүгінде Алматыда халықты жоспарлы профилактикалық егуге қажет вакциналардың бәрі бар. Қалада КВИ-ға қарсы вакцинациялау мен ревакцинациялау жалғастырылуда. 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап 2022 жылғы 10 қазанға дейін І компонентпен  1 219 584  адам КВИ-ға қарсы вакцинацияланған, бұл жоспарланған халықтың 81,5%-ын құрап отыр (егілуге жататындар саны 1496730 адам), II компонентпен вакцинациялаудың толық курсын 1197291 адам қамтылды (80,0%)», - деді Әсел Қалықова.  



КВИ-ге қарсы ревакцинация. 2021 жылғы 22 қарашадан бастап халықтың КВИ-ге қарсы ревакцинациясы жалғасуда. 2022 жылдың 10 қазандағы жағдай бойынша 2021 жылдың 1-ші ақпанымен 2022 жылғы 30-шы сәуір  аралығында вакцинацияның толық курсын алған 898711 адамның 616143-і, яғни 68,5% ревакцинациямен қамтылды. КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациямен 77235 (55,8%) адам қамтылған.


Қаладағы иммундық қабат жалпы халық (2048436) санының 42,2%-ын (863988) құрады, оның ішінде соңғы 6 айда егілгендердің (828141) есебінен 40,4%-ын және (35866) КВИ-мен ауырған науқастардың есебінен 1,7%-ды құрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #вакцина #қауіпті аурулар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика