AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматылықтар алаяқ жиһаз жасаушының үстінен шағым...

Алматылықтар алаяқ жиһаз жасаушының үстінен шағым түсірді

Заң мен тəртіп 28.12.2021, 06:27 1,231
Алматылықтар алаяқ жиһаз жасаушының үстінен шағым түсірді
Сурет: Polisia.kz

Алаяқ азаматтарды әлеуметтік желідегі түрлі-түсті жарнамалардың қақпанына түсірген


Алматылықтар жиһаз жасаушының үстінен шағым түсірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Мәселе корпустық және жұмсақ жиһаздар шығару бойынша ЖК басшысы – 27 жастағы И.есімді ер адам жайында болып отыр.



«Жәбірленушілердің ұжымдық өтініші негізінде біздің бөлімше ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Екі немесе одан да көп адамға бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша қылмыстық іс СТБТ-не тіркелді. Алматы облысының тумасы әлеуметтік желіде парақша ашып, жиһаз жасау бойынша қызмет көрсету туралы хабарландыру жариялағаны анықталды. Одан әрі клиент жеке кәсіпкермен келісім жасасып, тапсырыстың жалпы құнының 70 пайызын төледі. Арызданушылардың айтуынша, аталған фирманың өкілі сенімге қиянат жасау арқылы оларды алдаған. Қызмет көрсету бойынша жасалған келісімшартта ол тапсырыс берген жиһазды 14 күн ішінде дайындауға міндеттенді. Алайда қаражатты алғаннан кейін ол келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауды көздеген жоқ. Алданған азаматтардың әлеуметтік желідегі түрлі-түсті жарнамалардың қақпанына түскені анықталды. Олардың кейбіреулері жаңа жиһаз алу үшін несие рәсімдеген», – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.



Тергеудің осы кезеңінде И.есімді азамат 8 эпизодты жасағаны үшін сотталды. Соңғы “мәміле” 10 қазанда тіркелді. Осы орайда аталған жеке кәсіпкердің алаяқтық әрекетінен зардап шеккен өзге де жәбірленушілерді анықтау шаралары жүргізілуде.


Зардап шеккен азаматтарды мына телефондар арқылы хабарласа алады: +7 (777) 811-97-79, +7 (778) 777-29-56, +7 (747) 333-03-20, +7 ( 708) 804 -17-55 және +7 (701) 299-52-01


Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаяқ #жиһаз жасаушы #шағым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);