Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық студенттер арасында байқау жарияланды

Алматылық студенттер арасында байқау жарияланды

Барлығы 11.09.2025, 11:53 579
Алматылық студенттер арасында байқау жарияланды
depositphotos.com

Алматыда журналистика факультетінде оқитын студенттер арасында байқау жарияланды.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі «Алматы: арман мен шығармашылық қаласы» тақырыбына арналған үздік фото және бейнематериалдар байқауына қатысуға шақырады. 

Бұл байқаудың мақсаты – дарынды студенттерді анықтап, қолдау көрсетіп, сондай-ақ болашақ журналистер мен медиа-мамандардың кәсіби тұрғыда дамуына сеп болу.

Байқауға қабылданатын жұмыстар:

Материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

  • Фотосерия немесе жеке сурет – қаланың өмірі, тұрғындары мен оқиғалар туралы кадрлар (бір серияда 10 кадрға дейін немесе бір жоғары сапалы фото).
  • Бейнесюжет немесе қысқаметражды видео – оқиғаны динамикада баяндау (ұзақтығы 2 минутқа дейін).
  • Репортаж – оқиғаны атмосферасымен жеткізу.
  • Шығармашылық ролик немесе бейнекөрініс – қалаға көркем көзқарас.

Талаптар:

  • Жұмыс түпнұсқа әрі автордың жеке жұмысы болуға тиіс.
  • Тақырып – әлеуметтік маңызы бар, өзекті немесе қала өмірімен байланысты болуы керек.
  • Фото – JPEG/PNG форматында (жоғары сапада).
  •  Видео – MP4 форматында, ұзақтығы 2 минутқа дейін.

Бағалау критерийлері:

1. Тақырыптың өзектілігі

2. Визуалды орындалу сапасы

3. Кәсіби деңгейі (монтаж, композиция, кадр)

4. Шығармашылық көзқарас және идеяның түпнұсқалығы

Қатысу шарттары:

  • Үміткерлер – Алматыдағы университеттердегі журналистика факультетінің студенттері.
  • Байқау комиссиясы түскен жұмыстарды 10 номинация бойынша бағалайды:

1. Алматы бейнелері – қаланың тұрғындары туралы үздік фото немесе бейнематериал

2. Қозғалыстағы қала – көлік, урбанистика және Алматының дамуы

3. Мәдени Алматы – оқиғалар, өнер мен шығармашылық өмір

4. Алматы жастары – студенттік өмір мен жастардың бастамасы

5. Спортты қала – спорт, жетістіктер және бұқаралық іс-шаралар

6. Көкке оранған қала – табиғат пен экологиялық жобалар

7. Тарих пен жад – мұра, дәстүрлер мен ескерткіштер

8.       Алматыдағы туризм – туризм мен қонақжай қала туралы

9. Болашақ қаласы – инновациялар, арман мен даму перспективалары

10. Көшенің үні – қаланың аудандары мен тұрғындарының күнделікті өмірі

Маңызды:

• Жұмыстар міндетті түрде авторлық болуға тиіс.

• Жасанды интеллект көмегімен жасалған немесе басқа дереккөздерден алынған материалдар қабылданбайды.

• Фото мен бейнематериалдар Telegram арқылы мына нөмірге жіберілуі тиіс: 8 701 993 11 13

Қорытынды марапаттау рәсімі: 2025 жылғы 17 қыркүйекте Алматы қаласында өтеді.

Жұмыстарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Студент #байқау #Журналистика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Түркістанда Ұлттық ұланға арналған жаңа әскери нысандар бой көтеруде

Бүгін 14:55

Мысырға баруға болады

Бүгін 14:30

Дархан Сатыбалды Алматы жолдарындағы қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

Бүгін 14:20

Әбиба Әбужақынова германиялық брендтің амбассадоры болды

Бүгін 14:15

Италия музейінен құнды картиналар ұрланды

Бүгін 14:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика