Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жақыныңа жанашыр бол! / Алматылық реабилитолог COVID-19-дан соң қалыпқа ке...

Алматылық реабилитолог COVID-19-дан соң қалыпқа келу туралы айтты

Жақыныңа жанашыр бол! 23.09.2021, 05:17 1,860
Алматылық реабилитолог COVID-19-дан соң қалыпқа келу туралы айтты
almaty-akshamy.kz

  Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының №4 қалалық емханасының реабилитологы Айгүл Солтанбек мұндай ауыр инфекцияға тап болған науқастардың эмоционалды қиындықтарға да ұшырауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды  almaty-akshamy.kz
 
 
Айгүл Солтанбектің айтуынша, аурудың алдын алу өте маңызды және бұл үшін маска режимін сақтау қажет. Азаматтар халық көп жиналатын жерлерде маска киіп, оларды дұрыс киюді әдетке айналдыруы қажет. 



«Бұл шараның бекер және денсаулыққа зиянды екеніне сеніп, ресми түрде бетперде киетін адамдар бар. Сонымен қатар, көптеген адамдар мұрынның ағуы, тамақ ауруы және суықтың басқа да жеңіл белгілерінің пайда болуын аса маңызды емес деп санайды және оларды емдеуге ешқандай шара қолданбайды, олар инфекцияны аяғымен алып жүреді. Осыған байланысты, мен маска тағу – бұл қосымша тиімді шара екенін түсіндіргім келеді, ол әлеуметтік қашықтықты сақтау, қолды сабынмен жуу және антисептик қолдану сияқты басқа шаралармен бірге коронавирустық инфекцияның алдын алуға көмектеседі», - деді дәрігер-реабилитолог. 



Коронавирустық инфекциядан сауығу туралы айта отырып, Айгүл Солтанбек ауруға шалдыққандардың барлығының оңалтудан өтулері тиіс екенін айтты. Тіпті, дерт жеңіл өтсе де. 



«Жалпы алғанда, әр науқас сауығып кетуі мүмкін, бұл үкім емес. Біз коронавирустың өкпе мен жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер ететінін жиі байқаймыз. Сондықтан оңалту емделу кезеңінде басталады және шығарылғаннан кейін жалғасады – емханада немесе үйде. Оңалтудың қарсы көрсетілімдері бар, сондықтан әр науқас үшін нақты шараларды емдеуші дәрігер анықтайды. Сіз ауыр науқастан кейін де сауығып кете аласыз», - деді дәрігер. 



Айгүл Солтанбек науқастадың өкпесі 10% ғана зақымдалғанымен, дерттің ауыр болуы мүмкін екенін атап өтті. 



«Дәрігерлер өкпенің зақымдану дәрежесіне емес, ағзаның резервіне назар аударады. Біз өкпенің ғана емес, басқа мүшелер мен жүйелердің зақымдалуын да емдейміз», - деп толықтырды реабилитолог. 



Айгүл Солтанбек көбінесе коронавирустық инфекциядан кейін науқастарда пневмосклероз мен өкпе фиброзы қаупі жоғары болатынын атап өтті. 



«Біздің емхана емделудің үшінші кезеңімен айналысады, бұл өкпенің қалпына келу кезеңі. Сау күйде олар серпінді және дем алатын болуы керек, ал фиброз кезінде тыртықтар пайда болады, сондықтан реабилитолог дәрігерлер жеке ем тағайындайды», - деп жалғастырды сөзін Айгүл Солтанбек. 



Өкпенің жұмысын жақсарту және қандағы оттегінің қанықтылығын көтеру үшін емханада тыныс алу кешендері мен денешынықтырудың арнайы бағдарламалары жасалды. 
 
Реабилитолог дәрігер Алматы тұрғындарын вакциналауға шақырды, өйткені вакцинациядан кейін, тіпті КВИ-мен ауырғаннан кейін де адам ауруды жеңе алады. Көп жағдайда вакциналанған науқастар ауруханаға жатқызуды қажет етпейді. 



«Вакциналанған аадамның ауруы  әлдеқайда жеңіл. Мұндай науқастардың иммундық жүйесі жұмылуға қабілетті және тезірек сауығуға ықпал етеді. Вакциналар иммунитетті төмендетпейтінін, керісінше, оны көтеретінін білген жөн. В тобындағы витаминдер мен аминқышқылдар да денені қалпына келтіруге көмектеседі», - деді Айгүл Солтанбек. 



Сөзінің соңында дәрігер барлық алматылықтарды өздерін және айналасындағыларды COVID-19-дан қорғау үшін вакциналануға шақырды. 
 
Алматының қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметі бойынша, 2021 жылдың 1 ақпанынан 21 қыркүйегінгі аралығында 933 678 адам бірінші компонентпен, 827 239 адам екінші компонентпен егілді. Егілгендердің жалпы санынан 60 жастан асқандар 117 036 адам.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #реабилитолог #солтанбек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Кеше 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Кеше 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Кеше 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Кеше 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Кеше 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика