Алматылық полицейлер ұрланған көлікті Қордайдан тапты

Алматылық полицейлер ұрланған көлікті Қордайдан тапты Сурет: Polisia.kz

Бір тәулік ішінде Әуезов ауданының полиция қызметкерлері Жамбыл облысы аумағында көлік ұрыларын құрықтап, қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«23 және 19 жастағы екі күдікті Қойчуманова көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан Mercedes көлігін ұрлады деген күдікке ілінді. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталды. 23 жастағы А. есімді азамат және оның 19 жастағы М. есімді “серігі” де - Жамбыл облысының тумалары. Олардың жолы Қордай ауылында бөгелді. Көлік тәркіленіп, заттай айғақ ретінде қылмыстық іске қосылды», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.



Polisia.kz-тің мәліметі бойынша, қазір полиция қызметкерлері ұсталғандардың қалада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу барысында күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша басқа да мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21