Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жол-көлік оқиғасына ұшыраған 54 жастағы ер адам шұғыл жеткізілген.
Тексеріс нәтижесінде науқастың оң жақ жамбас сүйегінің ығысуымен жабық перипротезді сынығы анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.ОҚКА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аурухананың ортопедия бөлімшесі меңгерушісінің м.а. Саламат Тойымбетованың айтуынша, пациентке шұғыл операция жасау қажет болған, себебі тамырлар мен жүйкеге зақым келтіретіндей, сүйек жарықшақтары пайда болып, қауіпті сүйек сынықтары диагностикасы анықталған.
Травматология және ортопедия кафедрасының доценті Қайрат Оразалиевтің басшылығымен клиниканың ортопедтері ер адамға жоғары технологиялық операция жүргізді. Жамбас сүйегінің перипротезді сынығының остеосинтезі. Науқасқа күрделі ота жүргізілді. Күрделі болуының себебі - пациентке бұған дейін де бірнеше операция жасалған.
Сүйектің анатомиясы бұзылған. Сонымен қатар, шұғыл араласуы сүйегінде эндопротездің аяқтары болғанынан қиындай түсті, осыған байланысты сүйектің тұрақты синтезін жасауға тура келді.
Бұл үдеріс сүйек бөлшектерінің ұзақ уақытқа қозғалуын болдырмайтындай арнайы аппараттар мен құрылғылардың көмегімен сүйектегі сынықтарды дұрыс орнату мүмкіндігін берді. Жоғары деңгейде нақты орныдалуын талап ететіндей осындай қиын операция жасаудан бұрын пациентті томографтың көмегімен мұқият тексеріп алуы тиіс, мамандар бұдан хирургиялық емдеу жопарын құрып, оңтайлы әдісін және құралдар мен фиксаторлар жиынтығын дұрыстаңдай алады.
«Хирургиялық репозицияның барлық түрлері сегмент осьтерінің қозғалысының функционалдық мүмкіндіктерін сақтап қалады. Манипуляция болса сүйек өскенге дейін зақымданған учаскені тұрақтандырып бекітеді»- деді ортопедия бөлімшесі меңгерушісінің м.а Саламат Тойымбетова.
Операция екі сағатқа созылды. Ота нәтижесі өте жақсы өтті. Екінші күні пациент аяғынан тік тұрып, арбаның көмегімен жылжи бастады. 7-тәулікте пациенттің өтінішімен ауруханадан шықты. Пациентке алдағы уақытта дәрігердің нұсқауымен белгіленген бір мерзімде оңалту курсынан өтіп тұру қажет.