AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық ортопедтер иығы 13 рет шығып кеткен науқ...

Алматылық ортопедтер иығы 13 рет шығып кеткен науқасқа күрделі ота жасады

Барлығы 19.08.2025, 14:36 771 Нұржамал Әлішева
Алматылық ортопедтер иығы 13 рет шығып кеткен науқасқа күрделі ота жасады
Сурет: №7 ҚКА баспасөз қызметі

Мегаполистегі №7 қалалық клиникалық аурухананың ортохирургия бөлімшесінде заманауи артроскопия әдісімен күрделі ота жасалды, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.

Бөлімше меңгерушісі Арнат Байзақовтың айтуынша, артроскопия  кішігірім тіліктер арқылы шағын инвазивті ота жасауға мүмкіндік береді. Соны технология арқасында буынның бүлінген бөліктерін қатты зақымдамай қалпына келтіруге болады. Әрі мұндай әдіспен жасалған отадан кейін науқас денсаулығын қалпына келтіру мерзімі де қысқарады.

19 жастағы пациент бір жарым жыл бұрын құлап, иығын жарақаттап алған. Консервативті емнен нәтиже болмаған, бірақ жас жігіт ортохирургтердің көмегіне жүгінуге асықпапты. Салдарынан жігіттің иығы осы уақыт ішінде 13 рет шығып үлгерген.

«Диагностика барысында науқастың иығы шығып, иықтағы сүйектің басы сынғаны, жауырын мен буын ернеуі зақымданғаны анықталды. Әдетте мұндай диагноз қойылған жағдайда операция ашық әдіспен жасалады. Бірақ сырқаттың анамнезін, жасын, спортпен шұғылданатынын ескере отырып, шағын инвазивті техниканы қолдану туралы шешім қабылданды», – деп атап өтті Арнат Байзақов.

Хирургтер бірден екі операция жасады. Біріншісі: алдыңғы сіңір ернеуін қалпына келтіруге бағытталған Банкарт отасы. Екіншісі: иық буынының артқы бөлігін бекітуге арналған ремплиссаж деп аталатын операция. Операциялар МӘМС қаражаты есебінен жасалды. Ауруханадан шыққан соң пациент 6 айға дейін реабилитациядан өтуі тиіс.
Бұрын мұндай оталар үлкен тілік арқылы, ашық әдіспен жасалатын. Салдарынан асқыну қаупі артып, қалпына келтіру мерзімі де ұзаратын, бұл жолғы операцияның бірегейлігі де осында, дейді маман.

Қазіргі заманғы артроскопия ота барысында болатын зақымдану мен инфекцияның алдын алуға, оңалту процесін тездетуге мүмкіндік береді. Себебі қолданылатын бейнекамералар дәлдікті арттырады, ал, өздігінен ыдырайтын биоимплант уақыт өте келе сүйек тінімен араласып кетеді. Яғни, қайта ота жасауды қажет етпейді.

«Ота кішігірім тесіктер арқылы жасалды. Бірақ нәтижесі ашық операциядан кем емес және мұнда науқас өміріне, денсаулығына төнетін қауіп едәуір азаяды. Заманауи бекіткіштер мен импланттар отаның қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырады», – дейді Арнат Байзақов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ортопедтер #күрделі ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Бүгін 14:43

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10

Алматыда журналистердің арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Бүгін 14:08

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);