Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматылық өрендердің өнер байқауы Мұқағали поэзияс...

Алматылық өрендердің өнер байқауы Мұқағали поэзиясына арналды

Мәдениет Бүгін 14:05 22
Алматылық өрендердің өнер байқауы Мұқағали поэзиясына арналды
автордан

Алматының Алатау ауданында Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты аудандық өнер байқауы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Нұркент» ықшамауданындағы Оқушылардың инновациялық орталығында ұйымдастырылған кеш Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, Мұқағали жырларымен өрілді. Бұл – тек өнер сайысы емес, бұл – рухқа тағзым, поэзияға құрмет, жас жүректердің жырмен үндесуі.

Ауқымды мәдени іс-шараға «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Нұрлы шуақ» қоғамдық қоры, «Парасатты жастар» қоғамдық бірлестігі мен халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі қолдау көрсетті.

Гала-концерттің арнайы қонағы – Жания Аубакирова авторлық мектебінің оқушысы Бейбарыс Азаматұлы сахна төріне шығып, пианинода «Саржайлау» әнін орындады. Фортепианоның нәзік үні зал ішін ерекше сезімге бөлеп, көрермендерді терең толғанысқа жетеледі. Әуен арқылы қазақ даласының кеңдігі, туған жердің тынысы, поэзиямен астасқан табиғат көрінісі айқын сезілді.

Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығының оқушылары ұсынған «Бақыт деген...» атты композициялық қойылым да көрерменін әсерге бөлегені анық. Онда Мұқағали Мақатаев поэзиясының терең философиясы, адамгершілік мұраттары, өмір мен бақыт жайлы толғаныстары сахналық шешім арқылы сәтті берілген. Сөз бен музыка, қимыл мен образ үйлесім тауып, ақын әлемі жанды картинадай көз алдымызда жаңғырды.

«Гала-концерт барысында сахна төріне шыққан әрбір жас дарын – байқаудың жеңімпаздары. Олар өз номинациялары бойынша үздік атанып қана қоймай, Мұқағали поэзиясын жүрекпен сезіне білді. Олар – поэзия мен өнердің шынайы жанашырлары. Бұл іс-шара поэзияның өлмейтінін, Мұқағали жырының мәңгі жасайтынын тағы бір дәлелдеген тағылымды кеш болды. Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне демеушілік көрсеткен Елтай Елтай Сқақұлы мен Алуа Жұмағалиқызына ерекше алғыс білдіреміз», – деді «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Болат Құрымбаев.

Байқау нәтижесінде Інжумаржан Сәкенқызы «Райымбек, Райымбек» поэмасынан үзінді орындап, тарихи рух пен елдік мұратты асқақ үнмен жеткізе білгені үшін, ал Ерке Қуанышқызы «Әке» шығармасын мәнерлеп оқып, көрерменін терең толғанысқа бөлегені үшін «Көркем сөз» номинациясының бас жүлдесін иеленді.

Инабат Жұмаділ «Бақыт деген» әнімен, ал Ержан Раяна «Айтатын саған сырым бұл» әнін орындап, «Вокалдың» бас жүлдесін қанжығасына байлады.

Раяна Орынбасар болса Мұқағали Мақатаевқа арнаған авторлық жырын тебіреніспен оқып, поэзияға деген шынайы құрметін танытқаны үшін «Ақындық өнер» номинациясының бас жүлдесін алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Еуразиялық тау курорттары альянсының III фестивалі басталды

Бүгін 15:11

Түркістанда 71 жастағы ер адам 15 жастағы көрші қызды зорлаған: сот үкім шығарды

Бүгін 15:07

Павлодарда үш жасар қыз қайшымен ойнап жүріп, көзіне сұғып алған

Бүгін 14:51

Астанада 10 адамды алдап, 7,7 млн теңгесін қағып алған алаяққа үкім шықты

Бүгін 14:41

Атырауда ВИЧ-ке шалдыққан екі трансвестит ауруын біле тұра ақшаға интим қызмет көрсеткен (ВИДЕО)

Бүгін 14:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі