AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматылық оқушылар – республикалық олимпиаданың үз...

Алматылық оқушылар – республикалық олимпиаданың үздіктері!

Білім және ғылым 29.03.2025, 10:32 889 dulatbekova
Алматылық оқушылар – республикалық олимпиаданың үздіктері!
Сурет: Алматы қаласының Білім басқармасы

 

Алматы қаласында 2025 жылғы наурыз айының 23-28 аралығында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың география және математика пәндерінен қорытынды кезеңі өтті.

Оңтүстік астанамызда ұйымдастырылған білім сайысында еліміздің ең үздік 325 оқушысы өз білімдерін дәлелдеді.

Олимпиада барысында қатысушылар екі кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындап, өзара сынға түсті:

1-турда – теориялық тапсырмалар шешілді;

2-турда – география пәнінен далалық тур, ал математикадан күрделі теориялық есептер қарастырылды.

Олимпиада бағдарламасы аясында қатысушыларға «Көк төбе» саябағы мен ҚР Мемлекеттік музейіне экскурсиялар, психологиялық тренингтер, спартакиада ұйымдастырылды. Ал команда жетекшілері үшін оқу-әдістемелік семинарлар және Алматы қаласының жетекші мектептеріне экскурсия өткізілді.

Республикалық кезеңде Алматы қаласының намысын география пәнінен 7, математика пәнінен 14 оқушы қорғады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Алматы қаласының құрамасынан 18 оқушы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, алтын, күміс, қола медальдальдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айрықша жетістіктері үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен 2 оқушы марапаттады.

Жаратылыстану-математика бағыты бойынша жалпыкомандалық есепте Алматы құрамасы бірінші орынды иеленіп, «Ең үздік олимпиадалық команда – 2025» атағын жеңіп алды.

Айта кетейік, Алматы қаласы 23 жыл қатарынан үздік олимпиадалық команда атағын сақтап келеді. Бұл жетістік – оқушылар мен ұстаздардың қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Білім шыңын бағындырып, жеңіс тұғырынан көрінген оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Халықаралық аренада да жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #оқушылар #олимпиада #үздіктер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);