AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық оқушылар республикалық олимпиаданың жеңі...

Алматылық оқушылар республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды

Әлеумет 02.04.2025, 10:14 910 Bakyt
Алматылық оқушылар республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы жарияланды

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындылары белгілі болды. Биыл зияткерлік сайыстың финалдық кезеңіне еліміздің түкпір-түкпірінен 955 үздік мектеп оқушысы өтті. Командалық есеп бойынша Алматы қаласының құрама командасы бірінші орынды иеленіп, «Үздік олимпиадалық команда» атағына ие болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Гран-при NIS оқушыларына бұйырды. Бірінші орын Алматы қаласы мен елорда және Республикалық физика-математика мектебінің оқушыларына берілді. Екінші орынды Павлодар облысының командасы иеленсе, үшінші орынға Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарының оқушылары ие болды.

Олимпиада жеңімпаздарының бірі, Алматы қаласындағы №126 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы Жан Шарханов өз әсерімен бөлісті.

«Мен үшін олимпиадаға қатысу – тек білімімді сынау мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар еліміздің әр өңірінен келген білімге құштар достармен танысуға үлкен жол ашты. Алматы командасының бір мүшесі болғаныма мақтанамын. Біз көп еңбектендік. Болашақта ғылыммен айналысуды армандаймын. Осындай олимпиадалар – сол арманға апарар алғашқы баспалдақ деп білемін», – деді Жан Шарханов.

Айта кетерлігі, Алматы қаласы математика және география пәндері бойынша республикалық олимпиаданың 325 қатысушысын қабылдады. Олимпиада екі кезеңнен тұрды: теориялық және далалық тур. Бірінші кезеңде оқушылар теориялық білімді тексеретін тапсырмаларды орындаса, екінші кезеңде күрделі есептер мен география пәні бойынша далалық зерттеу жұмыстарын жүргізді.

«Алматы тағы да жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, командалық есепте бірінші орынды иеленді. Бұл жеңіс – оқушылар мен олардың ұстаздарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Айта кету керек, Алматы құрамасы осы атақты қатарынан 23 жыл бойы сақтап келеді. Бұл – тұрақтылықтың, жүйелі жұмыстың және жоғары нәтижелердің жарқын көрінісі. Баршаңызды жеңіспен шын жүректен құттықтаймын, алдағы уақытта да сәттілік тілеймін!» – деді жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов.

Алматы қаласының намысын қорғаған оқушылар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен, алтын, күміс және қола медальдармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, ерекше жетістіктері үшін екі оқушы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Құрмет грамоталарын иеленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #олимпиада #физика-математика мектебі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);