AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматылық оқушылар ІІ Таланттар саммитінде ғылыми...

Алматылық оқушылар ІІ Таланттар саммитінде ғылыми жобаларын таныстырды

Білім және ғылым 25.04.2026, 11:08 682
Алматылық оқушылар ІІ Таланттар саммитінде ғылыми жобаларын таныстырды

Астанадағы Назарбаев Университетінде өткен ІІ Таланттар саммитінде Алматы қаласы Оқушылар сарайының жас зерттеушілері ғылыми-техникалық жобаларын ұсынды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Саммиттің негізгі мақсаты – дарынды оқушыларды анықтап, олардың халықаралық ғылыми және сарапшылық ортаға қадам басуына мүмкіндік жасау.

Алматылық оқушылардың жобаларын Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен «Сириус» федералды аумағының бас директоры Елена Шмелева бастаған сарапшылар комиссиясы бағалады. Мамандар жас зерттеушілердің ғылыми дайындығы мен зерттеуге деген қызығушылығын ерекше атап өтті.

Оқушылар бұл деңгейге жету үшін екі айдан астам уақыт бойы көпсатылы іріктеуден өтті. Осы кезеңде әр жобаның өзектілігі, техникалық шешімі мен өміршеңдігі сараптамадан өткізілді.

Саммитте мына жобалар таныстырылды: көлік кептелісін талдау, адам қадамынан электр энергиясын өндіретін еден панельдері, ұйқы бұзылыстарын зерттейтін Bio-Headband 1.0 және BioHeadbandAI боты, Hexa-Search іздестіруші робот-өрмекшісі, камерасы бар бионикалық көздер, ірі қалалардағы түтінді тазарту жүйесі және білім беру мекемелеріне арналған автоматтандырылған сейсмограф.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алматылық оқушылардың халықаралық сарапшылар алдында жобаларын сәтті қорғауы қаланың қосымша білім беру жүйесінің әлеуетін және жас таланттардың ғылыми ізденіске дайындығын көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллектінің дамуына үлес қосқаны үшін Дженсен Хуангты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Бүгін 19:09

NVIDIA жетекшісі Президенттің жаңа өнеркәсіптік революцияның бастапқы кезеңінде Қазақстанды жасанды интеллект елі ретінде өркендету жөніндегі стратегиялық мақсатын жоғары бағалады

Бүгін 19:05

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Бүгін 18:59

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Бүгін 18:46

Republic Day және Bereke Fest:  жекелеген тауарларға 50%-ға дейін жеңілдік

Бүгін 18:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);