Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматылық оқушылар халықаралық чемпионатта бас бәй...

Алматылық оқушылар халықаралық чемпионатта бас бәйгеге ие болды

Білім және ғылым 24.08.2024, 14:23 1,272
Алматылық оқушылар халықаралық чемпионатта бас бәйгеге ие болды
Алматы қаласы әкімдігі

Алматылық оқушылар робототехника саласында халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жетуде


Алматыда робототехника саласы қарқынды дамуда, бұл өз кезегінде айтарлықтай нәтижелерге әкеліп отыр. Алматылық оқушылардың осы саладағы соңғы жетістіктері туралы жаңалықтар Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшылығымен 100-ден астам демалыс орталықтары жұмыс істейді, олардың тәрбиеленушілері республикалық және халықаралық жарыстарда үнемі жүлделі орындарды иеленіп келеді. Тек өткен айда ғана Алматыдан 100-ден астам оқушы робототехника жарыстарына қатысып, оның ішінде 24 АҚШ-та өткен халықаралық чемпионатта бас бәйгеге ие болды.

Оқушылардың жетістіктері туралы Robotics & Artificial Intelligence (RAI) демалыс орталығының директоры Бекзат Аманов толығырақ мәлімет берді.

«Калифорния штатының Лос-Анджелес қаласында өткен «Robo Tourney International Championship 2024» халықаралық чемпионатында біздің тәрбиеленушіл үздік нәтиже көрсетті. Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ден астам талантты оқушылар қатысты. Біздің командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, халықаралық аренада бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді», - деп бөлісті ол.

Команда құрамындағы екі оқушы, Демеугалиева Мира мен Асылханулы Серімжан маусымаралық «Dedication Award» жүлдесінің жеңімпаздары атанды. Бекзат Аманов, Ернар Жолдасов, Серік Төленов және Бірлік Сагитжанов жаттықтырушылар арасында «Coach/Mentor Award» номинациясының жеңімпаздары атанды.

«Екі қазақстандық команданың жетістіктері олардың халықаралық аренада бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді. Демалыс орталығының тәрбиеленушілері жарыстың екі күнінде де өз өнерлерімен көшбасшылар қатарында болды. Командалар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің қолдауымен Ustem Foundation қоғамдық қоры мен "Дарын" РҒПО ұйымдастырған Central Asia FIRST Championship Орталық Азия чемпионаты барысында Әлем чемпионатына жолдама алды. Чемпионаттағы жеңіс біздің тәрбиеленушілерге әлемдік жоғары оқу орындарындағы гранттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деп қосты Б. Аманов.

124-команданың капитаны Мира Демеугалиева да беделді халықаралық жарыстарға қатысу тәжірибесімен бөлісті.

«Менің робототехника саласындағы жолым FIRST Global Challenge (FGC) жарысына қатысудан басталды. Бұл тәжірибе маған команда капитаны болып, лидерлік қасиеттерімді дамытуға шабыт берді. Мен бағдарламалау, 3D-моделдеуді үйреніп, робототехника саласындағы білімімді тереңдеттім», - деп атап өтті ол.

Брифингке қатысқан Жастар саясаты басқармасының жастарды әлеуметтендіру және жастар бастамасын қолдау бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Бекқайыров  демалыс орталықтары жастардың таланттарын дамытып,олардың әлеуметтік бейімделуіне үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Демалыс орталықтарының жұмысы қаламыздың жастары үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша әртүрлі үйірмелер мен курстарды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. Мұнда барлық қызмет түрі тегін. Орталыққа негізгі келушілер 14 пен 18 жас аралығындағы жастар. Аталмыш орталықтар бүгінде қаламыздың 12 мыңнан астам жастарын қымтып отыр, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарындағы жастары да бар», - деп мәлімдеді ол.

2024 жылы демалыс орталықтарының жұмысын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Олардың қызметі аудандар бойынша орталықтандырылған. Жастар үшін өзекті деген қосымша үйірмелер мен курстар ашылды, орталықтардың ішкі және сыртқы дизайны мен жабдықталуы бойынша жұмыстар жүргізіліп, әрбір ДО-да тегін қазақ тілі курстары ашылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #оқушылар #робототехника
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика