AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық нейрохирургтер күрделі ота жасады

Алматылық нейрохирургтер күрделі ота жасады

Медицина 18.10.2023, 14:11 1,261
Алматылық нейрохирургтер күрделі ота жасады
Almaty-akshamy.kz

Алматылық нейрохирургтер науқастың омыртқасына ауыруды басатын электрод орнатты


Оңтүстік астанадағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада тұңғыш рет омыртқаға жұлын стимуляторын орнатты. Жоғары технологиялы ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


ОҚКА баспасөз қызметінің дерегінше, бірегей операция омыртқаны емдегеннен кейін мазалайтын ауырсыну сезімін жоюға көмектеседі. 


Жылдар бойы бел ауруының зардабын тартқан әйел аяғын баса алмай қалатын. Бұған дейін мамандар оның бел ауруына себеп болған омыртқадағы жарықты алып тастаса да ауырсыну сезімі басыла қоймапты. Тіпті дәрі-дәрмектер де көмектеспеген көрінеді.


Операцияны ОҚКА дәрігері Марат Алматов ресейлік нейрохирург, Новосибирск қаласындағы Федералды нейрохирургия орталығының бөлімше меңгерушісі Александр Дмитриевпен бірлесіп жасады. 


Ота барысында науқастың омыртқасына ауыруды басатын тұрақты электродтар орнатты. Электродтар жүйке талшықтарына импульс беріп, ауырсыну сезімін басып отырады. Сонымен қатар, бұл әдіс бас, арқа мен аяқтың ауырғанын басады дейді мамандар.


«Басында біз электрмен стимуляциялау қаншалықты нәтиже беретінін көру мақсатында электродты омыртқа каналына орнаттық. Арнайы пульт пациентке құрылғыны іске қосып, импульстің амплитудасын реттеуге мүмкіндік береді. Науқасқа көмегі тигеніне көз жеткізген соң терінің астына тұрақты генератор орнаттық. Енді пациент аппаратты қажет кезде қосып, ауыруы басылған соң өшіріп тастаса болады»,- дейді Марат Алматов.


Қазір жағдайы жақсарып, ауырсыну сезімінен арылған әйелдің дәрігерлерге айтар алғысы шексіз. 


«Арқамның ауырғанына көп жылдар болды. Тоқтамастан ауырған кезде жаным көзіме көрінетін. Күн сайын ішетін күшті препараттардан да нәтиже болмады. Ұйқым тыныш, жаным жай тапты. Дәрігерлерге алғыстан басқа айтарым жоқ. Алтын қолды мамандар алдағы уақытта осы әдіспен қаншама адамның жанына араша түсіп, ауруын жеңілдететінін ойласам қуанамын», - дейді ол көзіне жас алып.  


МСҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаевтың сөзіне сүйенсек, енді бұл қызмет Орталық қалалық клиникалық ауруханада МӘМС есебінен көрсетіле бастамақ.


«Бұл операцияны медицина саласындағы соны жетістіктердің бірі деуге болады. Ол омыртқасы ауыратын талай пациенттің ауыруын жеңілдетері анық. Жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын мұндай қызметтердің бағасы қымбат болса. Дегенмен операцияны МӘМС қаражаты есебінен жасатуға әбден болады», - деді Тілеухан Әбілдаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ото #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);