Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық нейрохирургтер бала өмірін сақтап қалды

Алматылық нейрохирургтер бала өмірін сақтап қалды

Медицина 11.01.2025, 11:50 944
Алматылық нейрохирургтер  бала өмірін сақтап қалды
ҚКБА баспасөз қызметі

9 жастағы баланың дерті көзінің қарауытып, басы айналып құлап қалғаннан кейін басталған. Анасының айтуынша, тіркелген емханадағы учаскелік дәрігер оны бірден нейрохирургке жіберген. Алайда көп ұзамай баланың жағдайы күрт нашарлап, әлсіздік, жүрек айну және құсу сияқты белгілер пайда бола бастаған, деп хабарлады №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасының (ҚКБА) баспасөз қызметі.

Аурухананың консультативтік-диагностикалық орталығының дәрігерлері науқастың басына компьютерлік томография жасап, көлемді ісікті анықтады. Нейрохирургтер шұғыл түрде ота жасау үшін оны нейрохирургия бөлімшесіне жатқызу туралы шешім қабылдады.

Шұғыл шақырылған консилиум нәтижесінде балаға төмендегідей күрделі диагноздар қойылды: ми діңінде көлемді ісік, қан құйылу, қайталама ішкі гидроцефалия, бульбар синдромы, атаксия және сол жақ гемипарезі.

Қазақ ұлттық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мамандары жасанды тыныстау аппаратына қосылған, ес-түссіз жатқан баланың ауыр жағдайын ескере отырып, химиялық немесе сәулелі терапия тиімді нәтиже бере алмайтынын мәлімдеді. Оның үстіне, химия терапия әлсіз ағзаны одан әрі әлсіретуі мүмкін еді.

Алайда №2 ҚКБА мамандары қол қусырып қарап отырмай, отаны бастауға бел буды.

«Науқастың ауыр халін, мидың діңі зақымданғанын ескере отырып, ісікті интраоперациялық нейромониторинг пен нейронавигацияны пайдаланып, микрохирургиялық тәсілмен алып тастау туралы күрделі шешім қабылданды. Отаның мақсаты – бульбар синдромын басып, миға түсіп тұрған қысымды төмендету. Асқан дәлдікті талап ететін бұл күрделі операция МӘМС есебінен жасалды», – деді №2 ҚКБА бас дәрігері Марат Рабандияров.

Нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Данияр Сәбденалиевтің айтуынша, 4,5 сағатқа созылған ота сәтті аяқталды. Операцияға нейрохирург А.Жайлғанов, анестезиолог А.Сеиткәрім, ассистент Р.Танцарова және медбике Б.Шагенова қатысты.

«Операциядан кейінгі кезең қалыпты жағдайда өтті. Комада жатқан бала есін жия бастады. Екінші күні ол жасанды тыныстау аппаратынан ажыратылып, өз бетінше дем ала бастады. Жағдайы тұрақтанып, жақсарған соң, науқас ауруханадан шығарылды. Әрі қарай ол Педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығында жоспарлы түрде химия терапия қабылдайды», – деп түсіндірді ол.

Балалар нейрохирургі Марат Рабандияров бастаған 20-дан астам дәрігер баланың өмірін сақтап қалу үшін барын салды. Білікті мамандар күрделі отаны зергерлік дәлдікпен орындап, ми ісігінен зардап шеккен баланың денсаулығын тұрақтандырды.

Ес-түссіз жатқан, жүрек қағысы бұзылған және өз бетінше тыныстай алмаған баланың жағдайын тұрақтандырып қана қоймай, операциядан кейін қалпына келуіне де зор үлес қосты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бала #нейрохирург
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Бүгін 18:01

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Бүгін 17:56

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Бүгін 17:13

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Бүгін 16:30

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Бүгін 16:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика