AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық нейрохирургтер 60 жастағы ер адамның омы...

Алматылық нейрохирургтер 60 жастағы ер адамның омыртқасына күрделі ота жасады 

Медицина 07.04.2022, 06:50 2,515
Алматылық нейрохирургтер 60 жастағы ер адамның омыртқасына күрделі ота жасады 
almaty-akshamy.kz

Егде жастағы ер адам Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 7-ші және 9-шы омыртқасы сынды деген күдікпен түскен. Стероидты остеопороздан болған сынық салдарынан пациенттің сүйектері сырқырап, бұлшық еті ауырған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ОҚКА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нейрохирургия бөлімі меңгерушісі Марат Алматовтың айтуынша, патологиялық сынық сүйек тініндегі құрылымдық өзгерістерге байланысты пайда болады. Салдарынан сүйектің төзімділігі төмендеп, болмашы жарақаттың өзі сыныққа әкеп соқтыруы мүмкін. Жан-жақты тексерілгеннен кейін пациенттің омыртқасына вертебропластика жасалды.



«Вертебропластика – омыртқаны «сүйекке арналған цементтің» көмегімен іштен бекітуге мүмкіндік беретін операция. Шағын инвазивті операция кезінде  терінің аз ғана бөлігі кесіледі. Ота барысында біз омыртқаға инемен медициналық цемент салдық. Процедура бастан-аяқ рентген арқылы бақыланды. Бұл күрделі ота, себебі цементті омыртқаға алты минуттың ішінде салып бітіру қажет», - дейді нейрохирург Марат Алматов.



Жергілікті жансыздандыру арқылы жасалған операция 40 минутта аяқталды. Қазір пациенттің жағдайы жақсы. Алдағы бір-екі тәулікте ол қалыпты өмірге қайта оралмақ.



«Вертебропластика – жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын заманауи отаның бір түрі. Оның құны 300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі сақтандырылған пациенттерге тегін жасалады», - дейді Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #денсаулық #дәрігерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);