AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматылық NEET-жастар үстел теннисінде топ жарды

Алматылық NEET-жастар үстел теннисінде топ жарды

Спорт 05.06.2025, 14:46 993
Алматылық NEET-жастар үстел теннисінде топ жарды
Жастар саясаты басқармасы

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Дүйсенбілік спорт» жобасы шеңберінде «Social project management» орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті.

Бұқаралық спортты дамыту және жастарды қолдау мақсатындағы аталмыш іс-шараға базарда, сауда орталықтарында жұмыс істейтін және жұмыссыз жүрген 30 жас бақ сынады.
Бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында алматылық базар жастарының арасында шағын футболдан турнир өткен болатын. Сайысқа түскендер арасында болашақта үлкен додаларда топ жаруды  мақсат еткендер де бар. 

Турнир Алматы қаласы Алатау ауданындағы ADD үстел теннисі орталығында өтті. Аталмыш іс-шараға «Қазына», «Арыстан», «Арлан»,  «Саламат», «Тиграхауд» т.б сауда орталықтарында жұмыс істейтін жігіттер мен жұмыссыз жастар қатысты. 

Алғашқы іріктеу кезінде екі топқа бөлініп, өзара іріктеу ойындарын өткізді. Ширек финал мен жартылай финалдық сайысқа сүрінбей жеткен жастар арасындағы ойын тартысты өтті. Жарыс қорытындысында 1-орынды «Арыстан» базарының үстел теннисшілері иеленіп, 250 мың теңгенің сертификатын қанжығасына байлады. Ал 2-орын алған «Тиграхауд» базарының жастары 150 мың теңгенің сертификатын олжалады. Үшінші орынды «Жаңа Ялян», «Сарыарқа» базарының ойыншылары өзара бөлісіп, әрқайсысы 50 мың теңгенің сертификатын еншіледі.

Енді алдағы уақытта «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында баскетболдан, волейболдан кемінде 16 команданың, ал киберспорт бойынша 30 ойыншының қатысуымен турнир ұйымдастырылмақ.
Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар мен медаль, кубоктарды үстел теннисінен халықаралық спорт шебері Игорь Медведев табыс етті. Турнирге белгілі спорт шебері Алексей Тимченко төрелік жасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #теннис
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);