Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық медицина ұйымдарына қосымша 7 млрд теңге...

Алматылық медицина ұйымдарына қосымша 7 млрд теңге бөлінді

Медицина 22.08.2023, 06:48 1,270
Алматылық медицина ұйымдарына қосымша 7 млрд теңге бөлінді
Almaty-akshamy.kz

Медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласының денсаулық сақтау саласына қосымша 7 млрд теңге бөлді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте МСҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады. 


Айтуынша, қосымша қаржы Алматыда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіндегі қызметтерді пайдалану көрсеткішінің жоғары болуына байланысты бөлініп отыр.


«Жалпы, оңтүстік астанада медициналық қызметке жүгіну көрсеткіші өте жоғары. Сондықтан Қор өткен аптада қаладағы медицина мекемелерін қаржыландыруға 7 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді. Бөлінген қаражаттың 2,8 млрд теңгесі консультативтік-диагностикалық қызметтерге, 4,1 млрд теңгесі – стационарлық көмекке, 164,5 млн теңгесі жоғары технологиялық қызметтерге жұмсалмақ», - деді Тілеухан Әбілдаев. 


Филиал басшысының дерегінше, биыл Алматы қаласы денсаулық сақтау саласы бюджеті 302,4 млрд. теңгені құрап отыр. Оның 156,7 млрд теңгесі – кепілдендірілген тегін медициналық көмекке, 145,7 млрд. теңгесі МӘМС пакетіне тиесілі. Салыстырар болсақ, бұл өткен жылдың бюджетінен 17% артық, деді ол. 


Сонымен қатар, Тілеухан Әбілдаев медицина ұйымдарына бөлінетін қаржы қысқартылды деген қауесеттің шындыққа жанаспайтынын атап өтті. 


«Соңғы кезде жұртшылық арасында Қор медицина ұйымдарына бөлінетін қаражатты қысқартты, сол себепті халыққа көрсетілетін көмек көлемі де қысқарды деген пікір тарағаны жасырын емес. Бөлінген қаржы көлемі жыл сайын артпаса, кеміп жатқан жоқ. Жалпы, Қор кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен МӘМС шеңберінде халыққа көрсетілген қызмет ақысын төлейтін қаржы операторы. Яғни, келісімшарт белгілі бір сомаға бекітіледі, клиника сол сомаға жыл бойы қызмет көрсетеді. Артық тұтынуды болдырмас үшін медицина ұйымдары көрсетілетін қызмет көлемін әр айға бөліп отыруы тиіс», - деді филиал директоры. 


Естеріңізге сала кетсек, Қор көрсетілген қызметтердің сапасын тексереді және қызмет ақысы тиісті мониторингтен кейін ғана төленеді. Әдетте, мониторинг барысында стандарттар мен нормативтерден ауытқу сынды ақаулар анықталып жатады. Емдеу мекемелеріне айыппұл салынады, көрсетілген қызмет сомасы толығымен немесе оның белгілі бір бөлігі Қорға қайтарылады. Ал, көрсетілмеген қызметті көрсетілді деп қосып жазған клиникалар үш есе айыппұл салынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тілеуберлин #сақтандыру #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44

Адамды адам етіп қалыптастыру: Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?

Бүгін 11:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика