AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық жігіт қарт кісіні өрттен құтқарды

Алматылық жігіт қарт кісіні өрттен құтқарды

Әлеумет 21.11.2022, 10:41 1,015
Алматылық жігіт қарт кісіні өрттен құтқарды
Сурет: Inform.kz

Тек көмектескісі келген.


 Алматының 30 жастағы тұрғыны Еркебұлан Жанахметов өз өмірін қауіпке тігіп, өртенген үйдің ішінде қалып қойған қарт адамды құтқарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті 20 қарашада таңғы 05:20-да Наурызбай ауданының "Шұғыла Сити" 340/ 4 тұрғын үй кешенінің пәтері өртенгенін хабарлады.



«Оқиға орнына жеткен сәтте тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтердің жиһаздары мен мүліктерінің 16 шаршы метр аумағы өртенгені анықталды. Қатты түтін салдарынан тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді. Газ бен түтіннен қорғау қызметі пәтерлерде қалған тұрғындарды эвакуациялауға және өртті сөндіруге кірісті. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 10 минуттан соң оқшауланып, таңғы 5:47-де толық сөндірілді», - деп хабарлады ТЖД.



Сондай-ақ ТЖД-ның мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері келгенше осы тұрғын үй кешенінің 30 жастағы тұрғыны Еркебұлан Жанахметов өз өмірін қатерге тігіп, операциядан кейін өздігінен қозғала алмайтын қарт кісіні өрттен құтқарған.


Еркебұланның айтуынша, ол бірінші қабаттағы пәтерінде отырып көмек сұраған дауысты естіген. 72 жастағы ер адам пәтерінің кіреберісіне жақындап, пәтерден кетуге тырысқан.



«Таңға қарай ұйқым келмей, терезені аштым. Сол сәтте көрші корпустан шығып жатқан өртті байқап, адамдарға көмектесу үшін сол жерге жүгірдім. Алдымен газ құбырының қақпағын жаптым. Көрші жігіт немесе куәгер сыртқы есікті таспен тіреп, кіреберістің есігін ашты. Түтін басқан кіреберістен біреудің көмек сұраған әлсіз дауысын естідім. Сыртқа шығып куәгерлерге бірге кіруді сұрадым. Бірақ, ешкім бармады. Кіреберісте дем алу мүмкін емес болды. Мұрнымды кепкамен жауып, өртенген пәтерге кіріп, ол жерден қарт кісіні қауіпсіз жерге шығардым. Батыр атану менің мақсатым емес, тек көмектескім келді», - деді Еркебұлан Жанахметов.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #өрт #құтқару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мешіттерінде Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстары жүргізілуде

Бүгін 17:32

Алматыда 600-ден астам көпбалалы әйел бизнес ашу үшін оқудан өтті

Бүгін 17:09

Алматыдағы әлеуметтік кәсіпкерлердің 74%-ы әйелдер

Бүгін 17:08

Алматы саябақтарында жазғы буккроссинг алаңдары ашылады

Бүгін 17:06

Тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханаларға келуші саны 70%-ға артты

Бүгін 16:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);