AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық химия пәнінің мұғалімін Global Teacher P...

Алматылық химия пәнінің мұғалімін Global Teacher Prize байқауының үздік елулігіне енуімен құттықтады

Барлығы 30.01.2026, 16:05 321 dulatbekova
Алматылық химия пәнінің мұғалімін Global Teacher Prize байқауының үздік елулігіне енуімен құттықтады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Аралбаев пен Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин №95 мектеп-лицейіне арнайы барып, Global Teacher Prize 2025-2026 халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі үздік 50 мұғалімнің қатарына енген химия пәнінің мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Құттықтау іс-шарасы Татьяна Геннадьевна 40 жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп келе жатқан білім ордасының қабырғасында өтті.

«Алматылық педагогтың әлемдегі үздік 50 мұғалімнің қатарына енуі — отандық білім беру жүйесінің жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Татьяна Геннадьевнаның кәсіби жолы мамандыққа адалдықтың жарқын үлгісі болып, әріптестері мен шәкірттеріне шабыт береді», — деді Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері.

Татьяна Белоусова №95 мектеп-лицейіндегі еңбек жолын 1984 жылы бастаған және содан бері осы білім беру мекемесінде үздіксіз қызмет етіп келеді. Ұстаздық қызметі барысында ол түлектердің бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды, заманауи білім беру әдістемелерін белсенді түрде енгізіп, онлайн платформалар мен білім беру жобалары арқылы кең аудиторияға тәжірибесі мен білімін бөлісіп жүр.

Педагогтың жоғары білімі бар, педагогика ғылымдарының магистрі, «педагог-шебер» біліктілігіне ие және ағылшын тілін еркін меңгерген. Оның еңбегі бірнеше мәрте мемлекеттік және салалық марапаттармен бағаланған. 2024 жылы Татьяна Белоусова National Teacher Prize Kazakhstan байқауында жеңімпаз атанып, «Қазақстан мұғалімі – 2024» атағын иеленді.

Татьяна Белоусованың Global Teacher Prize байқауының ТОП-50 тізіміне енуі №95 мектеп-лицейі үшін ғана емес, елдегі бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды оқиға болды.

Байқау финалистерін марапаттау рәсімі 2026 жылы 1-5 ақпан аралығында Дубайда өтетін әлемдік білім беру форумы аясында ұйымдастырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #химия мұғалімі #Global Teacher Prize #үздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ұлттар туралы мәлімет жарияланды

Бүгін 12:38

Qarmet-тегі алаяқтық: 190 миллион теңгеге зала келтірген 13 адам ұсталды

Бүгін 11:20

Қазақстан халқының бірлігі күні: Алматыда қайда баруға болады?

Бүгін 10:21

Елімізде мамырдан бастап не өзгереді?

Бүгін 09:17

Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Бүгін 08:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика