AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматылық ғалымдар топырақ құнарлығын арттыратын ж...

Алматылық ғалымдар топырақ құнарлығын арттыратын жоба ойлап тапты

Білім және ғылым 14.12.2022, 15:00 1,572 Almaty-akshamy
Алматылық ғалымдар топырақ құнарлығын арттыратын жоба ойлап тапты
Сурет: Almaty.tv

Әдіс еліміздегі 2 мыңнан астам шаруа қожалығы мен жылыжайда қолданыста


Алматылық ғалымдар топырақ құнарлығын арттыру үшін бірегей жоба ойлап тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Бірнеше сараптамадан өткен әдіс қазір еліміздегі 2 мыңнан астам шаруа қожалығы мен жылыжайда қолданыста. Оның ерекшелігі сол - жер құнарлығын сақтау және сапасын арттыру.  Әдіс табиғи жолмен жүргізіледі екен. Ғалымдар әзірге бұл пилоттық жоба деп отыр. Енді мемлекеттен қолдау тапса, толық қолданысқа енгізілмек. Алайда ауылшаруашылық саласының ғалымдары бұл бағытта аса алаңдаулы. Себебі, қазір еліміздегі жердің басым бөлігі эрозияға ұшыраған дейді.



«Жер дауылды, сулы табиғаттан кейін эрозияға ұшыраған. Су сіңбей қалған дәрежеге жеткен. Жер қатты күйреген. Осы ретте қолға алынған бұл пилоттық жоба тиімді, пайдасы орасан деп айтуымызға болады», – деді  ҚР Вермифермерлер кооперативтерін дамыту комитетінің төрағасы Бақытжан Әсембеков



Сондай-ақ агротехнология саласындағы ғалымдар мемлекет тарапынан берілген грант аясында бірнеше ғылыми жоба дайындап жатыр. Оны тәжірибе негізінде іске асырып та жүр. Бұл әдістемелердің басым бөлігін ауылдық жерде қолдануды жоспарламақ. Себебі, ел Президенті баяндамасында ауылды қолдау үшін агроөнеркәсіп кешеніне инновациялық кәсіпкерлік бастамаларды енгізу керегін айтқан.



«Мысалы, біздің бір жобамыз өзінің тиімділігін дәлелдеді. Бұл - майбұршақ соя өсіру технологиясы. Бұл өнімділігін бірден арттырмаса да, тұрақтылықты сақтап қалады. Оның пайдалы не зиянды қасиеті - көрсеткіштерінің төмен болуы», – деді Ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Есенбай Исламов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Топырақ құрамы #Құнарлы #Ғалымдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

23 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:05

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);