Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық депутаттар 15 наурызда өтетін референдум...

Алматылық депутаттар 15 наурызда өтетін референдумға қатысуды қолдады

Әлеумет 04.03.2026, 11:29 157
Алматылық депутаттар 15 наурызда өтетін референдумға қатысуды қолдады

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі 15 наурызда өтетін референдумды қолдайтындарын білдіріп, оның мемлекеттілікті нығайту, ұлттық бірлік пен елдің тұрақты дамуы үшін маңыздылығын атап өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қарашаш Джузеева Конституция қоғамның бірлігі мен тұрақтылығының кепілі екенін айтты.

«Елдің дамуы мен өркендеуі ортақ заңға деген құрметтен басталады. Жаңа Конституция – ұлттық бірлікті сақтап, мемлекеттіліктің негізін нығайтатын маңызды құжат. Алдағы референдум – демократияның ең жоғары көрінісі, Қазақстан халқының еркін білдіруі. Референдумды қолдау – еліміздің болашағына деген сенім», – деді ол.

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Алтынай Көбеева да алдағы референдумның маңыздылығына тоқталып, жаңа Конституция әділетті мемлекет құрудың берік негізі болатынын атап өтті.

«Ол теңдік пен жауапкершілік, ашықтық пен сенім қағидаттарын нығайтады. Конституцияны қолдай отырып, біз болашақ ұрпаққа мықты әрі қуатты ел қалдырамыз», – деді ол.

Сондай-ақ Алматы қаласы мәслихатының депутаты Серік Есматов та өз ұстанымын білдіріп, жаңа Конституцияны қабылдау Қазақстанның одан әрі дамуы мен әділеттілік қағидаттарын нығайту жолындағы маңызды қадам болатынын атап өтті.

Депутаттар референдумға қатысу – әрбір қазақстандықтың азаматтық жауапкершілігі әрі елдің болашағына үлес қосудың мүмкіндігі екенін айтты.

15 наурыз күні алматылықтарды белсенді азаматтық ұстаным танытып, дауыс беруге қатысуға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум #референдум маңызы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Бүгін 17:36

Түркияда тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық жарыс басталды

Бүгін 17:17

Қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына 5 қола салды

Бүгін 16:28

Алматының сегіз ауданында 10 мыңға жуық тұрғынның қатысқан жергілікті сенбіліктер өтті

Бүгін 15:57

Алматыда Карьерная көшесінде тұрғындар мен коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен сенбілік өтті

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика