Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматылық Дастан Тұрдалы - «Жас қанат» жеңімпазы

Алматылық Дастан Тұрдалы - «Жас қанат» жеңімпазы

Мәдениет 02.06.2023, 09:11 1,851
Алматылық Дастан Тұрдалы - «Жас қанат» жеңімпазы
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Республика сарайында тұңғыш рет «Жас қанат. Балалар» байқауы және «Жас қанат» жас орындаушылар байқауының бірінші жартылай финалы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  


«Жас қанат. Балалар» байқауына 22 үміткер қатысты. Олардың керемет өнер көрсеткені сонша, қазылар алқасы шешім шығарар алдында қиналып, ұзақ талқылады. Нәтижесінде олар үш жүлде тағайындап қана қоймай, сол жерде Гран-при туралы шешім қабылдады.


Гран-при алматылық Дастан Тұрдалыға бұйырды. 1 орынды Түркістан облысынан келген Зере Жүнісбай қанжығасына байласа, 2 орынды маңғыстаулық Әмина Асғатова иеленді. Ал 3 орынның тұғырынан Ақтөбе облысынан келген Балым Нысаналы көрінді. Жеңімпаздарға алтын, күміс және қола қанаттардан бөлек, алдағы халықаралық «Азия дауысы» фестиваліне дайындық үшін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың атынан ақшалай гранттар табыс етілді.




 «Бұл өте әсерлі сәт болды. Балалар шын жүректен ән айтқан кезде техникалық және вокалдық қабілеттері туралы ойланбайсың. Бұл тазалық, керемет ертегі, олардың сезімін сөзбен жеткізу мүмкін емес! Олардан ересектер көп нәрсе үйренуі керек. Әрине, мұнда жеңілгендер жоқ, бәрі де жеңімпаз, бәрі тамаша! Біз ұзақ уақыт бойы үздікті таңдай алмадық», - деді қазылар алқасының мүшесі, әнші, сазгер Медеу Арынбаев.




Сондай-ақ бүгін «Азия дауысы» фестивалі тақырыбындағы балалар суреті байқауының жеңімпаздары да жүлде алды. Қазылар алқасы «Қола қанатты» жезқазғандық Аида Дербіске берді. Күміс қостанайлық Кира Лантухқа бұйырды. Өзіндік ойы, қаламының қарымдылығымен көзге түскен Айсель Мұқашева «Алтын қанатты» жеңіп алды. Шығармашылық байқауға Қазақстанның барлық өңірінен балалар 311 жұмыс жіберді. Әрине, олар «Азия дауысының» не екенін білмейді.



Олар аңызға айналған байқау туралы ата-аналарынан, ата-әжелерінен сұрап білген. Дегенмен, ұсынылған жұмыстардың деңгейі таң қалдырады. Балалар әртүрлі әдістерді қолданған. Жұмыстар бірнеше санат, оның ішінде түпкі идея мен шығармашылық ойлау бойынша да бағаланды. Байқауға 169 мектеп, гимназия мен лицейден, сондай-ақ аналары арқылы, ғаламтордан байқау туралы өз бетінше білген балалар қатысты. Қазір Республика сарайының фойесінде қойылған бұл туындылар «Азия дауысы» кезінде Almaty Gallery қабырғасында қойылады. Көрермендер бұл таңғажайып көрмені көрермендердің ертеңге дейін тамашалауына мүмкіндігі бар.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дастан #Жас қанат #жеңімпаз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика