Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер тоғыз балаға күрделі микрохир...

Алматылық дәрігерлер тоғыз балаға күрделі микрохирургиялық ота жасады

Медицина 22.12.2022, 07:54 1,304
Алматылық дәрігерлер тоғыз балаға күрделі микрохирургиялық ота жасады
Сурет: Pacient.club

Оталардың бәрі шағын инвазивті әдіспен жасалды.


Алматыдағы №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасында ресейлік микрохирург Андрей Вайтингердің қатысуымен екі күндік шеберлік класы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Шара барысында пациенттер білікті дәрігерлерлерден консультация алды, мукополисахаридоз ауруымен ауыратын 9 балаға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен операция жасалды. Бірегей күрделі оталарды ресейлік маманмен бірге аурухананың травматология және ортопедия бөлімшесі меңгерушісі Ерлан Садырбалин мен балалар хирургі Ұлжан Солтанбекова жасады.



«Операциялардың бәрі шағын инвазивті әдіспен жасалды. Арнайы құралдардың көмегімен жасалған хирургиялық манипуляция саусақтардың қозғалысын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бірегей операцияларды жасау арқылы біз де алдағы уақытта кәдеге жарайтын үлкен тәжірибе жинақтадық», - деді Ерлан Садырбалин.



Мукополисахаридоз (МПС) – ағзада гликозаминогликандардың жинақталуы салдарынан болатын тұқым қуалайтын ауру. Дәнекер тіндерді зақымдайтын дерт салдарынан жүйке жүйесі, көзі, ішкі органдары мен қимыл-қозғалыс аппаратының жұмысы бұзылады. МПС әлемде 100 мың адамның 50-інде кездесетін сирек (орфандық) ауру. 


Қолдың басы мен жүйке жүйесінде туабітті және жүре пайда болатын сырқаттарды емдеуге бағытталған шеберлік класы №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасы және «Милосердие» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.


Естеріңізге сала кетсек, операциялар МӘМС пакеті арқылы қаржыландырылды. Елімізде 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет тарапынан сақтандырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігер #Операция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімдігі: Ұлықбек көшесін ұзарту жобасы 2014 жылдан бері Бас жоспарға енгізілген

Бүгін 16:06

Аштықты да, соғысты да көрген ғұмыр: ҰОС ардагері Зұлқарнай Сейітовтің өмір жолы

Бүгін 15:59

Алматының Наурызбай ауданында батыс кәріз коллекторының құрылысы басталды

Бүгін 15:33

Алматыдағы еңбек инспекторларына 3 мыңдай шағым түскен

Бүгін 15:26

Алматыдағы жасөспірімдер колониясында кітапқұмарлар көп

Бүгін 15:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика