AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер шала туған нәрестені аман алы...

Алматылық дәрігерлер шала туған нәрестені аман алып қалды

Медицина 03.02.2023, 03:11 1,538 Almaty-akshamy
Алматылық дәрігерлер шала туған нәрестені аман алып қалды
Сурет: Ашық дереккөз

998 грамм болып туған баланың ағзалары жетілмеген.


Алматыда дәрігерлер көмегімен салмағы 998 гр болып өмірге келген сәбиді аман қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, қалалық Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында салмағы 998 грамм болып шала туған 7 айлық нәресте дүниеге келген.


Жаңа туған нәрестені тексеру кезінде дәрігерлер ағзаларының жетілмегендігі, бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі, екі жақты гипоплазия және бүйрек поликтозы диагнозын қояды.



«Бұл ауыр дәрежедегі туа біткен бүйректің зақымдануы. Баланың мерзімінен бұрын 998 грамм болып туып, ағзаларының жетілмегендігінің өзі жағдайды күрделендіріп тұрған, екі бүйректің зақымдануы жағдайды қиындата түсті. Оның аман қалуына үміт аз еді. Біз ағзалардың жетілмегендігін жеңе алсақ та, бүйректерде асқынулар болатынын білдік. Солай болды да, бала реанимацияда 52 күн, кейін нәрестелер патологиясы бөлімшесінде 2 ай жатты. Біз Асфендияров кафедрасынан мамандарды шақырдық, консилиумдар өткіздік», - деді Орталық директорының орынбасары, дәрігер-неонатолог Елена Плужникова.



Оның айтуынша, аурудың ауырлығына қарамастан, бала жақсы дамыды.


Біртіндеп жүргізілген барлық медициналық көмектен соң бала салмақ қоса бастады, сондай-ақ, қыз балада ретинопатия анықталғандықтан, оның көзіне операция жасалды. Ауруханадан шығару кезінде екі келіге дейін салмақ қосты.



«Сәби ауруханадан шыққанда, денсаулығы орташа-ауыр дәрежеде болатын. Оны бірден нефролог пен уролог есепке алды. Бүгінгі таңда бала бүйректің жұмысын қамтамасыз ететін дәрі-дәрмектер қабылдайды. Кейін бала сәл өскен соң, бүйрек трансплантациясы туралы сөз қозғауға болады. Алты айға дейін оны жасауға болмайды, себебі, бала салмақ қосып, мықты бола түсуі керек. Кейін ата-анасы порталға ары қарай емделу үшін өтініш бере алады», - деді Елена Плужникова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нәресте #дәрігер #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);