AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер пациентті ұзақ уақытқа созылғ...

Алматылық дәрігерлер пациентті ұзақ уақытқа созылған гипертониялық кризден құтқарды

Медицина 07.06.2022, 13:20 1,691 Almaty-akshamy
Алматылық дәрігерлер пациентті ұзақ уақытқа созылған гипертониялық кризден құтқарды
Cурет: Baq.kz

Сәтті өткен операция жергілікті жансыздандыру арқылы ешбір тіліксіз жасалды


Орталық қалалық клиникалық ауруханада жылдар бойы гипертонияның агрессивті түрінен зардап шеккен 40 жастағы ер адамға ота жасалды. Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында іске асты. Бұл туралы аталған аурухананың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Орал қаласынан келген науқастың жоғары қан қысымымен ауырғанына көп жылдар болған. Көп жағдайда қан қысымы 220-ға дейін көтерілетін, соңғы кезде дәрінің де көмегі тимей қалды, дейді ол.



«Бұл дертке шалдыққаныма көп жыл болды. Қанша уақыттан бері дәрінің де түр-түрін іштім, қан қысымы аздан кейін қайта көтеріліп кететін. Бір жыл бұрын микроинсульт алдым. Ем іздеп тіпті, Ресейге де бардым, бірақ ол жақтың дәрігерлері де толыққанды ем жасаған жоқ. Осы ауруханада жақсы мамандар бар дегенді естіп МӘМС бойынша жолдама алып келдім», - деді Батыс Қазақстан облысының тұрғыны.



Дәрігерлер ангиография нәтижесінде оң жақ бүйректегі артерияның мойны тарылғанын анықтады.  
Хирург Сұлтан Илиев стенозға шалдыққан бүйректегі күретамырға стент орнату туралы шешім қабылдады. 20 минутта сәтті өткен операция жергілікті жансыздандыру арқылы ешбір тіліксіз жасалды.



«Пациенттің қан қысымы операция залында-ақ 120/80-ге түсті. Бүгінде оның жағдайы жақсы, дәрі ішпейді. Қазір үйге шығаруға дайындап жатырмыз», -  деді хирург.



Маманның айтуынша, ұзақ уақыт артериалды гипертензиямен ауыратын науқастар бүйректегі күретамырды тексерткені жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрігер #науқас #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика