AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер науқасқа үміт сыйлады

Алматылық дәрігерлер науқасқа үміт сыйлады

Медицина 19.08.2024, 15:10 1,338 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Алматылық дәрігерлер науқасқа үміт сыйлады
aqshamnews.kz

1973 жылы туған науқас Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына (ҚЖШККА) жоспарлы түрде қос жармалы илеостома диагнозымен жатқызылды. 

Осы жылы көктемде ҚЖШККА хирургиялық бөлімшесінде оған шұғыл түрде аш ішектің перфорациясына және жайылма іріңді фибриндік перитонитке байланысты қос жармалы илеостома орнатумен лапаротомия  отасы жасалған болатын.

Үш айдан кейінгі тексеру кезінде хирург Нұрхат Есенбеков илеостоманы жоспарлы түрде жабуды ұсынды.

1,5 сағатқа созылған ота сәтті өтті. Хирургиялық араласу кезінде оң жақ мықын тұсы илеостомасының ішастардан тыс резекциясы және «бүйірден екінші бүйірге» аш ішек анастомозы, сонымен қатар құрсақ қуысына білте қою жүргізілді.

Отаны құрамында тәжірибелі мамандар: жоғары санатты хирург Нұрхат Есенбеков, резидент Аман Беркінбай, анестезиолог Мамуржан Юлдашов және оталық медбике Әсел Надырова бар топ жүзеге асырды.

Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтті, науқас әзірге ҚЖШККА хирургия бөлімінде, жағдайы тұрақты.

Илеостома - әр түрлі ішек жағдайының нәтижесінде қажет болуы мүмкін. Ол ішектің бір бөлігін іш қабырғасындағы саңылауға бекітетін хирургиялық процедура, осылайша қалдықтар сыртқа шығады. Илеостоманы жабу жоғары білікті және тәжірибелі дәрігерлерді қажет етеді.

«Аш ішектің перфорациясы абдоминальды хирургияда өзекті мәселе болып қала береді және статистикалық мәліметтерге сәйкес, ол іш қуысы мүшелерінің жедел хирургиялық патологиясы арасында 0,37%-2,3% жағдайда кездеседі», - деп атап өтті Нұрхат Есенбеков.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Илеостома #дәрігер #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);