Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер жүрек қағысының емдеудің бір...

Алматылық дәрігерлер жүрек қағысының емдеудің бірегей әдісін қолданысқа енгізді  

Медицина 09.08.2023, 12:03 1,674
Алматылық дәрігерлер жүрек қағысының  емдеудің бірегей әдісін қолданысқа енгізді  
almaty-akshamy.kz

Алматылық дәрігерлер жүрек қағысының бұзылуынан өміріне қауіп төнген пациенттерді емдеудің бірегей әдісін қолданысқа енгізді  
 
Оңтүстік астанадағы №7 қалалық клиникалық аурухананың аритмологтары жүрек қағысы бұзылған науқастарға кардиомонитор орнатуды қолға алды.


Жаңа әдісті аурухананың Интервенциондық кардиохирургия және аритмология бөлімшесінде аритмолог Қанат Ергешев қолданысқа енгізді.


Бүгінде жүрек қағысының түрлі ақауларын анықтайтын диагностикалық аппарат клиниканың алғашқы пациенттеріне орнатылды, деп хабарлайды аурухана баспасөз қызметі. 21 жастағы пациент №7 ауруханаға ми айналу, бас ауруы, әлсіздік, есінен айырылу сынды симптомдармен түскен.


Интервенциондық кардиология және аритмология бөлімшесі меңгерушісі Сәкен Анартаевтың айтуынша, бұған дейін пациентті невропатолог мамандар қарап, жүйке жүйесінде ақау жоқ деген шешім шығарыпты.



«Пациентті жан-жақты тексердік, холтер қойдық. ЭКГ-холтер зерттеулері де жүрек қағысында айтарлықтай ақау жоқ деген нәтиже берді. Содан соң жүрек ішін электрофизиологиялық зерттеу әдісімен тексердік, ол да ештеңе көрсетпеді. Мұндай жағдайларда пациенттерге Reveal қондырғысын орнатып, үйіне жібереміз, дейді кардиохирург.  



«Кардиомонитор терінің астына орнатвлады. Көлемі кішігірім флэш-картадан аспайтын аппарат аурудың жүрек қағысын ұзақ уақыт бойы ЭКГ-мониторинг жасауға мүмкіндік береді. Имплантты орнату 15 минут қана уақыт алады, операция жергілікті жансыздандыру арқылы жасалады және пациент ауруханада жатпайды. Аппарат жүректің электр импульстарын жазып отырады, аритмолог маман арнайы бағдарлама арқылы жүрек талмасы ұстаған кезде, адам есінен танған сәтте жүрек қағысы қалай бооғанын біліп отырады. Мәлімет қашықтықтан алынады, пациентті ауруханаға алдыртудың қажеті жоқ. Осылайша жүрек қағысын 3 жыл бойы бақылауда ұстай аламыз. Диагноз қойылғаннан кейін аппаратты алып тастау ешбір қиындық тудырмайды. Бұл аппарат күрделі диагноздарды анықтауға, ары қарай емдеу тактикасын айқындауға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Сәкен Анартаев. 


Айтуынша, жас жігіттердің, мысалы спортшылардың кенеттен өліміне себепкер болып жататын жасырын жүрек дерттерін анықтауға көмектеседі. Reveal аппараты жүрек қағысының белгісіз себептері, есінен танып құлау, түсініксіз себептермен жиі-жиі бас айналуы, жүрек талмасы ұстап есінен айырылу, ара-арасында аз уақытқа ентігу, кеуде қуысының ауыруы, себепсіз шаршау сынды белгілер байқалған пациенттерге орнатылады. 


Естеріңізге сала кетсек, жоспарлы емнің барлық түрлері, соның ішінде аталған процедура МӘМС арқылы қаржыландырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігер #жүрек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика