Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану...

Алматылық дәрігерлер ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың артқанын айтты

Медицина 19.10.2022, 06:56 1,471
Алматылық дәрігерлер ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың артқанын айтты
almaty-akshamy.kz

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас эпидемиологы Бақжанар Мұхамадиеваның айтуынша, вирустық инфекциялардың көбейгені байқалады. Қазірдің өзінде 30 415 ЖРВИ және 3 тұмау жұқтыру жағдайы тіркелді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Бұл туралы 6 қыркүйектен бүгінгі күнге дейінгі кезеңге қатысты мәліметтерді спикер Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлім етті.
 
«Егер эпидемияға дейінгі маусымның басында балалар арасында жұқтыру деңгейі 65,2 пайызды (3876 жағдай) құраса, бүгінде ересек тұрғындар арасында да ауру деңгейінің  артуы байқалады», - деді Б.Мұхамадиева.



ӨКҚ спикерінің айтуынша, жедел респираторлық инфекциялардың алдын алу мегаполистің барлық дәрігерлерінің басымдық беріп отыр. Бақназар Мұхамадиева тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі дер кезінде вакцинация алу деп есептейді.



 «Жыл сайын қазан-қараша айларында тұмауға қарсы вакцинаны тек ағымдағы жылы шығарылған вакцинамен алу қажет, өйткені тұмау вирусы мутацияға және өзгеруге қабілетті. Вакцинаны алғаннан кейін иммунитет 14 күннен кейін қалыптасады және маусым бойы 1 жылға дейін сақталады », - дейді ҚДСБ өкілі.



Айта кетерлігі, Алматыда жергілікті бюджет есебінен, яғни, қатерлі топтағы адамдар тұмауға қарсы екпеден өтеді. Вирус жұқтыру қаупі жоғары топтағы адамдарды тұмауға қарсы егу науқаны 6 қыркүйекте басталды.


 Қатерлі топқа медицина қызметкерлері;  медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар; балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің, қарттар үйлерінің контингенті; сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша 60 жастан асқан қарт адамдар, жүктіліктің 2 және 3 триместріндегі жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар, интернат тәрбиеленушілері кірген. 


 Вакцинацияны жүргізу үшін жергілікті бюджеттен Ресейде өндірілген 130 000 доза мөлшерінде үш валентті тұмауға қарсы «Гриппол плюс» вакцинасының бірінші партиясы сатып алынды. Сондай-ақ, 17 қазанда қосымша 80 000 доза мөлшерінде «Гриппол плюс» вакцинасының екінші партиясы сатып алынды. Нәтижесінде ағымдағы эпидемияға дейінгі маусымда сатып алынған вакцинаның жалпы саны 210 000 дозаны құрады, бұл тегін егуге жататын вакцинациялауға жататын халықтың саны.



ӨКҚ спикері 6 медициналық орталықта («IMC» МО, «Вакцинация клиникасы», «Фармаком» ЖШС, «Medical Assistance Group» ЖШС, «СОС-ҚАЗАҚСТАН» ЖШС, «Medical Assistance Group» ЖШС, «Интертич» ЖШС, «Авиценна» ЛДЦ) қазан айынан бастап халықты ақылы негізде вакцинация алуға болатынын атап өтті.



Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас эпидемиологы Бақжанар Мұхамадиева қала тұрғындарын ЖРВИ және тұмауға қарсы алдын алу шараларын сақтауға шақырады: 
 ЖРВИ және тұмаумен ауыратын пациенттермен байланыста болудан аулақ болыңыз, егер жанасуды болдырмау мүмкін болмаса, бетперде кию керек;
 пациент ұжымға барған кезде қоғамдық орындарда, сондай-ақ, үйде бетперде кию керек;
 аурудың белгілері болған жағдайда медициналық көмекке жүгіну керек, өзін-өзі емдеуге болмайды;
 түшкіру және жөтелу кезінде ауызды қолмен, майлықпен жабу;
 қолды мүмкіндігінше жиі жуу;
 иммундық жүйені көтеру үшін С дәруменін көбірек қолдану;
 ЖРВИ және тұмау жиілігінің жоғарылауы кезеңінде қоғамдық іс-шараларға қатысуды азайту;
 ата-аналардан ЖРВИ және тұмаумен ауырған балаларды мектепке, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жібермеуді сұрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тұмау #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика